Атырау, 29 наурыз 01:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Саудасы қызған жәрмеңке

2 055 просмотра

Исатай ауданында азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуға болатын тұрақты жәрмеңке ұйымдастырылды.

Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, аудан әкімдігі Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарымен меморандумға қол қойды. Осыған сәйкес енді оралдық шаруа қожалықтары жәрмеңкеге ет және сүт өнімдерін әкелетін болады. Сондай-ақ, еттің бір келісінің бағасы да келісілген - 800-900 теңгеден сатылады.

Сонымен қатар, Оралдан өзінің сүт өнімдерін ЖК «Алтаева» және «Қаратаева» әкеледі. Мәселен, қолдың қаймағының бір литрі 1 500 теңге, айранның литрі 250 теңге, сүзбенің бір келісі 300 теңге, қымыздың литрі 1 000 теңгеден сатылуда.

Жәрмеңкеге тұрақты қатысып жүрген 13 кәсіпкердің ішінде Махамбет ауданынан келген «Сейітовтер» шаруа қожалығы бар. ШҚ көкөністерді қолжетімді бағаға сатып отыр: жуаның бір келісі 70 теңге, сәбіз – 100 теңге, қияр – 200 теңге, қызанақ - 100 теңгеден. ЖК «Наурызбаевта» сәбіз бен қызылша 10-20 теңгеге арзан.

Зейнеден округіне қарасты «Жамбыл» балық өңдеу кооперативі сазанның бір келісін 250 теңгеден сатса, жайынды 400 теңгеден, көксеркені 400 теңгеден сатып жатты. Жеке кәсіпкер Ұлмекен ЕСЕЙОВА тазартылған сазанның бір келісін 600 теңгеден, фарштың бір келісін 500 теңгеден, 1 келі таза етін (филе) 800 теңгеден сатты.

- Тұрғындар жәрмеңкені асыға күтетін болды. Біз бүгінде нан бағасын тұрақты ұстауға жұмыстанудамыз. Наубайханалар Орал қаласындағы «Аққайнар» ЖШС-мен келісімшартқа отырып, 600 грамдық нанды 50-55 теңгеден сатуда. Қорымызда 40 тонна астық бар, 40 тонна астық қосымша әкелінетін болады, - дейді Исатай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Мейрамгүл ҚАПУЗАНОВА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.