Атырау, 24 сәуір 05:12
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Бәрі қымбаттап кетті

2 673 просмотра

Атырау облыстық статистика департаменті қыркүйекпен салыстырғанда қазан айындағы азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы орташа алғанда 8,2 пайызға, азық-түлік 3,4 пайызға, ақылы қызметтердің бағалары 1,4 пайызға көтерілгендігі туралы жазылған баспасөз хабарламасын таратты.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазан айында жұмыртқа бағасы 28,7 пайызға, қант 14,6 пайызға, май 6,4 пайызға, шұжық 5,7 пайызға, жемістер мен көкөністер, кофе, шай және какао 4,8 пайызға, алкогольсіз сусындар 4,5 пайызға, жармалар 4,4 пайызға, балық және теңіз өнімдері 4,3 пайызға, кондитерлік өнімдер 3 пайызға, құс 2,7 пайызға, макарон өнімдері 2,5 пайызға, алкогольді сусындар, темекі өнімдері 1,9 пайызға, сүт өнімдері 1,6 пайызға, ет, ірімшік пен сүзбе бағасының 1,4 пайызға көтерілгені байқалды.

Киім-кешек пен аяқ киім 15,6 пайызға, ірі тұрмыстық аспаптар 13,3 пайызға, дәрі-дәрмектер, емдеу жабдықтары мен аппаратура 4,1 пайызға, жуу және тазалау құралдары 1,6 пайызға көтерілді.

Әуе көлігінің қызметі 4,4 пайызға, білім беру 3,5 пайызға, денсаулық сақтау 3,4 пайызға қымбаттады.

«АЖ» апта сайын негізгі азық-түлік өнімдері мен отын бағасына мониторинг жүргізіп отырады. Ағымдағы баға бойынша біздің мәліметтерімізді тамыздағы (теңге девальвациясына дейін) бағамен салыстырып көрдік. Сонда байқағанымыз мынау: ет 11 пайызға, тауықтың сан еті 9 пайызға, «Айналайын» сүті (майлылығы – 3,2 пайыз) 17 пайызға, жұмыртқа 77 пайызға, «Prezident» қаймағы (майлылығы 15 пайыз) 10 пайызға, сары май 18 пайызға, «Лето» өсімдік майы 48 пайызға, «Цесна» ұны 6 пайызға, күріш 7 пайызға, қант 29 пайызға, «Ассам» шайы 10 пайызға, картоп 6 пайызға, пияз 12,5 пайызға қымбаттаған. Аи-92 бензинінің бағасы 18,5 пайызға, АИ-95 10 пайызға көтерілген.

Тамара СУХОМЛИНОВА

26 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.