Атырау, 20 сәуір 19:11
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Педофил аға

3 313 просмотра

Мақат аудандық соты 39 жастағы сотталушыны кәмелетке толмаған жасқа қатысты азғындық іс-әрекеті үшін 5 жылға бас бостандығына айыруға үкім шығарды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 39 жастағы ер адам жапа шеккен жасөспірімнің туған ағайы болып келеді. Кішкентай немере қарындасымен өз үйінде оңаша қалған ол, іс материалдарында айтылғандай, мас күйде ұйықтап жатқан баланың алдында жалаңаштанып, «көрінеу жас балаға қатысты зорлық қолданбай азғындық әрекетін іске асырған». Оянып кеткен қыз бала ағайының әдепсіз қылық жасап жатқанын байқап, әжесін оятқан. Әйел ұлына ескерту жасағанда, баласы шығып кеткен. Содан кейін өкілетті органдарға шағым түскен.

Сот оны «жас баланың физикалық және психикалық қалыпты дамуына қол сұғып, осылайша оның денсаулығына рухани зиян келтіруде» кінәлі деп таныды. Сотталушы сот отырысы залында қамауға алынды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

25 қараша 2015, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.