Атырау, 29 наурыз 17:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жақсы ПИК-тер де болады екен

1 609 просмотра

Астанада «Қазақстандық ТКШ-ны жетілдіру және дамыту» АҚ қолдауымен ПИК төрағаларының республикалық байқауы өтті. Атыраудың намысын Авангард 4-ықшамауданы мен Сәтпаев даңғылы бойындағы үйлерге қызмет көрсететін «КС Бытсервис» ЖШС директоры Шолпан ТОҚСЕЙІТОВА қорғады және жүлделі орын алды.

- ЖШС-ті басқарып келе жатқан он жыл ішінде үйлерде жылу тоқтап қалған оқиға тіркелген жоқ, - дейді Ш. Тоқсейітова. – Тек өткен қыста ғана 4-ықшамаудандағы №7 үйдің тұрғынынан бір шағым болды. Тексеру кезінде астаналық бір адам осы үйден пәтер сатып алып, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жылумен қамтудың тік құбырындағы тыйғышты жауып, Астанаға кетіп қалғаны анықталды. Салқын пәтердің кілтін пәтер бюросынан тауып, жылуды қалыпқа келтірдік.

Байқаудың финалына шығушыларды іріктеу критерилерінің бірі мемлекеттік терможаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру болды. Бізде 2011 жылы Сәтпаев даңғылы, 50 мекенжайындағы үйге күрделі жөндеу жасалды. Жаңа шатыр салынып, кіреберістердің электр қалқандары ауыстырылып, жертөлелер құрғатылды. Комиссия тұрғындардың пікірі жазылған бейнебаянын көріп, қанағаттанды.

Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен интернационалист жауынгерлерге қызмет көрсетуде 50 пайыздық жеңілдіктер енгізілгені, «Жаңа жылды қарызсыз қарсы алу» акциясы туралы бейнебаяндар көрсеттік.

Жүлделі 2-орын үшін Ш. Тоқсейітоваға сантехника құрал-саймандарының жинағы, бағбан саймандары жинағы, пластик құбырларды жалғау жабдығы («үтік») тарту етілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 қараша 2015, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.