Атырау, 29 наурыз 13:40
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Доллар өскен соң қымбаттаған көліктер өтпей, автодилерлер шығынға батып жатыр". "Елдің атын «Казакстан» деп өзгертуді ұсынды". "Зәуреш Батталова: Мерзімсіз сайлау болса...". "Елімізде медицина мамандарын даярлау сапасы сын көтермейді - Қ. Тоқаев".

4 464 просмотра

TODAY.KZ. "Сарапшылар "Монстр Хай" қуыршақтарының бала психикасына кері әсерін анықтады" - Ақмола облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті қорқынышты ойыншықтардың балаларға психологиялық әсеріне алаңдаулы, деп жазады Today.kz департамент басшысы Қайрат Баймұхамбетовке сілтеме жасай отырып.

NUR.KZ. "Доллар өскен соң қымбаттаған көліктер өтпей, автодилерлер шығынға батып жатыр" - Елімізде су жаңа көлік міну қиындап барады. Тұтыну тауарларына түгелдей әсер еткен теңгеге қатысты жағдай автокөлік нарығын да айналып өтпепті. Бұл тұрғыда тек ақшасын доллармен сақтағандар ғана ұтты дейді сарапшылар.

AZATTYQ.ORG. "Дейтон бітіміне 20 жыл толса да босниялықтар татуласпаған" - Босния-Герцеговинаның екіге бөлінген этникалық елді мекендерінде мектептерде сабақтар бөлек оқытылады, таксилер өз аймағы саналмайтын жерге кіре алмайды, ал сырқат жандар жақын ауруханаға бара алмайды.

"Психиатрия: жабық жүйедегі маман тапшылығы" - Жүйе басшыларының айтуынша, Қазақстанда психиатриялық қызмет қалдық принципімен қаржыландырылады, мамандар жетіспейді. Құқық қорғаушылар психиатрияның совет заманынан жабық жүйе екенін айтады.

ABAI.KZ. "Елдің атын «Казакстан» деп өзгертуді ұсынды" - Жақында қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов «Қазақстан» атауының орыс тіліндегі нұсқасын өзгертуді ұсынған. Заңгер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекеттің атауы ресми тілде қате жазылып жүргендігін айтып, мәселе көтерген. Бұл туралы nur.kz сайты жазды.

"Ойыншық балаңыздың тағдырымен «ойнап» жүр" - Бірде біздің ұжымға «Жастарды отансүйгіштікке баулу мақсатында пейнтболдан өтетін жарысқа ұжымдарыңыздан команда құрап жіберсеңіздер» деген хат келді. Пейнтбол – ішіне бояу құйылған шар деген ағылшын сөзінен алыныпты. Яғни шарлармен атысатын ойынның бір түрі. Бірақ, отансүйгіштікке қалай тәрбиелейтіні түсініксіз.

"Протон қазақ даласын 2030-ға дейін улайды" - Қазақстан Байқоңырдан “Протон" ұшыруды 2030 жылға қарай тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Abai.kz порталы nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Қазақстан гептилмен ұшатын “Протон" зымыран тасығыштарын “Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыруды 2030 жылға қарай тоқтатуы мүмкін. Жақында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев осылай деп мәлімдеген.

"Домбай неге тарихқа қиянат жасайды?" - Нұрперзент Домбайдың «Ана тілі» басылымындағы (№15, 2.04.2015ж.) 1727 жылғы Бұланты шайқасына қатысты мақаласына қарсы өз ойымызды білдіруді жөн санап отырмыз.

BNEWS.KZ. "Теологтар тек Мүфтияттың рұқсатымен ғана шетелде білім алады" - Тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатын алған азаматтар ғана шетелдерде діни білім ала алады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен шетелдік діни оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттердің діни білімін, діни көзқарасын қадағалау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел кезінде айтылды, деп хабарлайды BNews.kz.

AIKYN.KZ. "Жемқорлыққа қарсы жойқын соғыс ашылады" - Елімізде жемқорлықпен күрес «дағдарысқа қарсы шараға» теңелді! Өйткені жемқорлардың жымқыруынан «құтқарылған» миллиардтаған ел қаржысы мемлекет пен халыққа игілік әкелер шараларға арна тартып, экономиканың үлкен күйзеліске ұрынбауына қосымша ықпал етеді.

"«Құнанбай» мен «Аманат» қайда?" - Биылғы жылдың мамыр айында Астана мен Алматыда екі бірдей фильмнің премьерасы өткені белгілі. Досхан Жолжақсынов пен Сатыбалды Нарымбетовтың «Құнанбайы» мен «Аманатын» ат төбеліндей ғана қазақ тамашалағанымен, жалпы көпшілікке жете қойған жоқ. Не себепті?

"Біздің елдеріміз бір-бірін толықтырады және қажет етеді" - Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың дамуы, АИР экономикасына қазақстандық инвестицияларды тарту, сондай-ақ еліміздің өңірлік көлік инфрақұрылымын, энергетикасын, жергілікті тау-кен өнеркәсібін құру және дамытуға, діни және халықаралық экстремизмге, есірткі айналымына қарсы күреске қатысуы туралы «Айқын» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Өміртай Мақашұлы Бітімов баяндап берді.

EGEMEN.KZ. "Кентау трансформаторына Ресей тапсырыс беруде" - Кентау трансформатор зауытында трансформаторлардың 140-тан астам түрі шығарылады. Осы өнімдердің отыз пайызға жуығы шетелдерге экпортталады. Бұған қарап, Қазақстандағы маңдайалды жалғыз трансформатор зауытының шекесі шылқып отыр деуге әсте болмайды. Доллар бағамының аспандауы зауытқа да қатты әсерін тигізіп жатыр. Бірақ қашанда жұмысшыларының мүддесін алғашқы кезекке қоятын зауыт басшылығы оңай жолды жұмыс күшін қысқартумен емес, сапаны бірінші кезекке қойып қиыншылықты игеруде.

"Қазақ хандығына арналған Ресейдегі халықаралық конференция" - Жақында Ресей ғалымдары Қазақ хандығы­ның 550 жылдығы мерейтойына орай Ресей мемлекеттік кітапханасында «Түркі Елден Қазақ хандығына дейін» («От Тюркского эля к Казахскому ханству») деп аталған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияны Қазақстан­ның Ресейдегі елшілігінің жәрдемімен М.В.Ломо­носов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институты (ААЕИ) мен Ресей мемлекеттік кітапханасы Шығыс әдебиетінің орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

ALASHAINASY.KZ. "Депутаттар Астанада 65 млн еуро тұратын автобустар сатып алу бастамасына жағаларын ұстады" - Депутаттар Астанада 65 млн еуроға несиеге кіріп, автобустар сатып алуды дағдарыс уақытында орынсыз санайды.

"Сенатқа жеткен басты қаржылық құжат тағы дау тудырды" - Дауға айналған бюджет бүгін Сенатта қаралды. Жоғары палата мүшелері мемлекеттің кірісі мен шығысын ұзақ мерзімге жоспарлау қазір тиімсіз деп ә дегеннен Қаржы мен экономика министрлеріне шүйлікті. Яғни, сенаторлар бюджетті 3 жылға жоспарлау өрескел қателік деп отыр. Сондықтан Ресейдің тәжірбиесіне көшіп, қазынаны 1 жылға жоспарлауды ұсынды. Алайда, қазына қаржысын триллондап қысқартып жатқан Досаевқа бұл бастама жақпай қалды.

ZHASALASH.KZ. "«Жас Алашқа» көтерiлген шоқпар қазақтың маңдайына тидi" - Алматы қаласы Алмалы ауданының соты “Жас-Ай" директорының талабын қанағаттандырып, Жасанның алдына “Жас Алашты" жығып берiптi. Ендi елдiң мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген ұлт басылымының тiлшiлерiнен пәлен миллион өндiрiп, мұртын майламақшы екен.

"Кулагиннiң құлағы қызарды" - Өткендегiдей емес, Ақмола облысының әкiмi әжептәуiр жуасып қалыпты. Қазан айында ғана мұң-зарын айтып алдына келген Калачи тұрғындарын кабинетiнен тырқырата қуып шыққан Сергей Кулагин қазiр сондағы қылығына ұялып отыр.

"Көтерем БАҚ қашанғы асырауда болмақ?" - Мемлекеттiк тапсырыспен таң атырып, кеш батырғыш, алайда елге де, шенеунiкке де пайдасы жоқ газет, журнал, телеарна, сайт, радиоларды алдағы уақытта қайтпек керек деген мәселе қайтадан көтерiле бастады. Қарашаның 16-сы күнi Астанада “Құқықтық медиа-орталық" қоғамдық қоры шағын жиын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттiң қаржыландыру жайы аз-кем сөз болды. Ол жерде “айды аспанға шығарған" жан болмаса да, бұл тақырыптың екi жылдан соң “тiрiлiп" қайта келгенi, шыны керек, өшетiн шоқтың кездейсоқ маздануындай көрiндi. Әйтпесе, бұл мәселе Марат Тәжинмен бiрге елге қайта оралмастай болып кеткен-дi.

"Мектептi казармаға айналдыруға болмайды" - ХХI ғасырдағы Қазақ елiн бiлiмсiз деп ешкiм де айта қоймасы анық. Расында да, профессорларымыз бен академиктерiмiз он мыңдап саналады емес пе?! Және олардың “ашып тастағандары" да аз емес шығар. Бiрақ бәрiбiр бiлiмiмiз бен ғылымымыз тұралап жатыр. Әлемге “мұнайлы ел, ши­кiзат базасы" деген атағымыз әйгiлi болғанымен, әлi күнге дейiн мұнай өнiмдерiн, техниканы, құрылыс материалдарын, тiптi азық-түлiкке дейiн көп түрлерiн шетелдерден қымбат транзиттiк бағаға сатып аламыз. “Ақылды болсаң, неге кедейсiң?" демекшi, егер “ашып тастаған", “қосып тастаған" ақылды бастарымыз көп болса, онда неге Айды аспаннан түсiретiн жаңалық ашу түгiлi, өнеркәсiбiмiз, ауыл шаруашылығымыз iлгерi баспай келедi. Әлде, академик, профессорларымыздың жазған қағаздарының жартысына жуығы көшiрме, ал қалған жартысы бастықтарына беретiн есеп-қисаптары емес пе екен?..

DAT.ORG.KZ. "Қазақ баласына шын біліктілікті қолдайтын білім аурасы керек" - Қазақ баласы тумысынан зерек келеді. Енді прагматикаға шынайы бейімделген компактілі білімге шындап ден қойса, табиғи байлықтан жүздеген есе артық құндылығымыз сол ғана болмақ. Оған үкіметтік бюджеттен қосымша қаржы жұмсаудың да қажеті шамалы. Тек қана барлық деңгейдегі білім ошақтарында шын біліктілікті қолдайтын дені сау аура қалыптасса, сыбайластық пен жемқорлықтан құтылса, қазақ білімі өзін ғана емес, басқаларды да жарылқауға қабілетті болар еді.

"Қатты қиналасыз, Карим Кажымканович!" - Газет редакциясына белгілі қазақ қайраткері, ағайын елдің жанашыры, ақын Ауыт Мұқибектің ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовке жолдаған ашық хаты келді. Біз ақын жазған хатты қаз-қалпында жариялап отырмыз.

"Зәуреш Батталова: Мерзімсіз сайлау болса…" - Қоңыр күз – саясат алаңында әртүрлі қауесеттер кезетін кезең: былтырғы көктемнен бері мезгілінен тыс парламент сайлауы өтеді-міс деген әңгіме де осы күзде шындыққа айналатын сыңайлы. Оның үстіне келер жылдың бюджетін қабылдау барысында бұрындары бұйығы отыратын депутаттар да даурыға бастады. Олар енді бет-бейнесіз қаржы секторына, теңгенің тұрақсыздығына наразы бола бастады. Осы орайда парламенттегі қарбаластың қыр-сырын жақсы білетін экс-сенатор Зәуреш БАТТАЛОВА ханымнан «ДАТ!» айдарының аясында осы мәселенің мән- жайын сұраған едік. Сөйтсек, депутаттардың белсенділігі елге «көз қылу» сияқты шаруа екен, ақ-қарасын өзіңіз ажыратарсыз, оқырман қауым!

31.KZ. "Сөздің шыны керек: қымбатшылық құрсауы" - Күні кеше ғана ел президенті базардағы бағаны өзі тексеретінін қадап айтты. Кеше сен де базарға барып жүр едің ғой, дағдарысты желеу қылып, тауар бағасын қолдан жасайтындар көбейіп кетпеп пе? Доллардың курсы көтерілмей тұрған кезде 4500 теңге тұратын ұн, қазір 5600 тг. Жалпы, енді қымбатшылық пен дағдарысқа қалай бейімделеміз? Үкіметтан бастап үйренгелі жатқан үнемдеу әдісі туралы сарапшылар не дейді?

INFORM.KZ. "Елімізде медицина мамандарын даярлау сапасы сын көтермейді - Қ. Тоқаев" - АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында өтіп жатқан Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрімен кездесу барысында сөз сөйлеген палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі медицина кадрларын даярлау сапасын сынға алды.

TURKYSTAN.KZ. "Франциядағы лаңкестік оқиғаның әлемдік маңызға ие болуының алты бірдей себеп-салдары" - Мұсылман әлемі үшін жұма қасиетті күн болса, христиан сеніміндегі елдер үшін айдың 13-іне сәйкес келген жұма күні – сәтсіз күн саналады. Осы қорқынышты растағандай, қарашаның 13-і кешкі сағат тоғыздан өте Париж тыныштығын бірнеше дүркін жарылыс, бей-берекет атыс бұзды: 129 адам көз жұмып, 200-ден аса адам жарақат алды. Француздар не болғанын түсініп үлгірмей жатып, президент Франсуа Олланд «Бұл соғыс қимылы!» деп мәлімдеме жасады. Үш дүркін жарылыс болған «Стад де Франс» футбол стадионына осы кеште Олланд та барған болатын, бірақ алғашқы жарылыстан соң-ақ ол дереу Елисей сарайына аттанды. Ал стадионды лық толтырған футбол жанкүйерлері Франция мен Германия арасындағы матчты соңына дейін тамашалады, олар сыртта жарылыс, айғай-сүрең, жаппай дүрбелең жүріп жатқанын сезбеген де…

"Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. Семей полигонын жабудың айтылмай жүрген ақиқаты" - «Семей полигонын әлемге әйгілі ақиық ақын Олжас Сүлейменовтің «Невада-Семей» қозғалысы жапты» деген біржақты пікір ара-тұра уралап айтылып жүр. Оны ақынның не өзі бастайды, не оны ақ тер, көк тер болып шашбаулағыштар бастайды. Соған куә болған сайын: «Шіркін-ау, бұлар өздері білетін даусыз шындықтан неге шошиды», – деп еріксіз таңданамын.

20 қараша 2015, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.