Атырау, 25 сәуір 21:03
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жолақы 80 теңгеге дейін қымбаттайды (толықтырылды)

3 507 просмотра

Image 019 қарашада қалалық мәслихаттың ХХХVІІІ сессиясында депутаттар қоғамдық көлік жолақысын 50-ден 80 теңгеге дейін көтеру жөнінде дауыс берді.

Алдымен қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көлік және энергетика секторының басшысы Қуаныш ИБРАГИМОВ баяндама жасады:

- Атырауда қалаішілік 19 және қала маңында 11 автобус маршруты бар. Бұл бағыттар бойынша тасымалды «АйсТрансХолдинг», «Әнуарбек Транс», «Данияр и К», «Атырау Такси», «Айдын и К», «Қағазов» және «Баймұханов» ЖК компаниялары 316 автобуспен жүзеге асырады.

Бүгінде негізгі тасымалдаушы «АйсТрансХолдингте» 70 автобус бар. Таяу үш жылға компания өз паркін жаңартып, қосымша жылжымалы состав алуды жоспарлап отыр. Тасымалдаушылар бюджеттен субсидия алмайды. Дегенмен де, соғыс ардагерлерін, І және ІІ топ мүгедектерін, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, аз қамтылған азаматтарды, сабақ кезінде 17 жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік қызметкерлерді тегін тасымалдайды. Зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері үшін жолақы бойынша 50 пайыз жеңілдік бар. Қазіргі 50 теңге 2012 жылдың қазанында бекітілді. Содан бері қарай көп нәрсе өзгерді. Жанар-жағармай материалдары мен қосалқы бөлшектер бағаларының көтерілуі салдарынан тасымалдаушылар зиян шегіп отыр.

Ибрагимов материалдардың қымбаттауы бойынша мысалдар келтірді: дизель отынының (жазғы) бір литрі 65 теңгеден 95 теңгеге дейін, бір дана дөңгелек – 32 500-ден 60 000 теңгеге дейін, аккумуляторлар – бір данасы 20 900 теңгеден 42 000 теңгеге дейін және т.б.

Осы себепті жыл сайын жылжымалы состав саны 40-50 автобусқа азаяды. Сондықтан № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,12, 14, 15, 20, 21, 30, 30 «а», 59 және 65 автобус маршруттарының жолақысын – 50-ден 90 теңгеге дейін көтеру жөнінде мәлім етілді. Кеше мәселені тұрақты комиссияда қарау кезінде депутаттар мәлімделген тарифті 80 теңгеге дейін азайтуды өтінді. Біз келістік. №50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 62, 64 қала маңындағы маршруттарға қатысты тарифті 20 теңгеге көбейтіп бекітуді сұраймыз, - деп сөзін түйіндеді Ибрагимов.

Депутаттар артық сөзсіз баға көтеруді мақұлдады.

Бүкіл мәселе осының қарсаңында тұрақты комиссияда айтылды.

Депутаттар арасынан тек Жандарбек ЕРМҰХАНОВ сөз алып, Нұрсая ықшамауданында автобус аялдамаларының қашан салынатынын сұрады. Ибрагимов қазір тендердің өткізіліп, мердігердің анықталғанын, биыл ықшамауданда төрт әдемі аялдамалар салынатындығын айтты. Келер жылы қала бойынша осындай 30 аялдаманы салу жоспарланып отыр.

Ибрагимов БАҚ өкілдеріне түсіндіргендей, қалалық мәслихаттың шешімі әділет департаментінде бекітілгеннен кейін ғана жаңа тариф күшіне енетін болады.

Кейінірек, Қ.Ибрагимов «АЖ»-ға жыл аяғына дейін 50 теңге болып тұратынын хабарлады: «Қаңтарда автобустар жаңа тариф бойынша жүретін болады».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсріген автор

19 қараша 2015, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.