Атырау, 28 наурыз 15:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«ИМ» Еуроодаққа тағы шабуыл жасауы мүмкін - Еуропол директоры

2 145 просмотра

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Еуроодақ аумағына тағы шабуыл жасауы мүмкін.

Бұл туралы Еуропол директоры Роб Уэйнрайт бейсенбі күні Еуропарламентте сөйлеген сөзінде мәлім етті.

«Шабуылдардың жалғасы болуы мүмкін», - деді Роб Уэйнрайт.

Еуропол басшысының сөзіне қарағанда, соңғы 10 жылда Еуропа үшін ең үлкен қауіп төндірген ИМ операциялары болған.

Парижде орын алған лаңкестік оқиғаларға байланысты ЕО Кеңесінің люксембургтік төрағалығының атынан вице-премьер және Люксембургтың ішкі қауіпсіздік министрі Этьен Шнайдер 20 қарашада Брюссельде Ішкі істер бойынша кеңестің кезектен тыс отырысын өткізуге ниет танытты. Жиында Еуроодақтағы қауіпсіздік шараларын күшейту және қабылданған шараларды өткізуді қамтамасыз ету талқыланады.

Еске сала кетейік, 13 қарашада Парижде алты теракт жасалды. Салдарынан кем дегенде 129 адам қаза тауып, тағы 350-ден астамы жарақаттанды. Бұл қылмысты «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы өз мойнына алды.

Францияда төтенше жағдай жарияланды.

Дереккөз/фото: inform.kz

19 қараша 2015, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.