Атырау, 28 наурыз 16:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

31-жолсыз көше

2 178 просмотра

– 10 жыл бұрын біз Өркен поселкесінен жер телімін алып, №31 көшеге үйімізді салдық. Әлденеше рет өтініш жолдасақ та, қалалық бюджеттен жол салуға қаржы бөлу кезінде қалалық әкімдік біздің көшемізді тізімге қасарысып қоспайды. Кейінірек салынған Самал, Балауса және Жұлдыз ықшамаудандарына жолдар барынша салынуда. Ал ұзындығы бар болғаны 900 метрге дейін болатын біздің көшемізге кезек жетпей отыр...

Еңбек ардагері Жолдас СҰЛТАНОВ, Өркен поселкесі.

Сұраққа қала әкімінің орынбасары міндетін атқарушы Полымбет ХАСАНОВ жауап берді:

– 2002 жылғы 19 тамызда №918 үкімет қаулысымен бекітілген «Қаржыландыру көздерiне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негiздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргiзу» ережесінің негізінде Өркен поселкесінің №31 көшесінің жолын салу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамасына өзгерістер енгізілетін болады.

19 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.