Атырау, 19 сәуір 22:31
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Астрахан тас жолындағы апат

2 489 просмотра

Қарашаның 10-нда тағы да Атырау-Астрахан тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам қаза тапты.

Қайғылы жағдай жергілікті уақыт бойынша сағат 15.10-да облыс орталығынан 10 шақырым қашықтықта Атырау-Астрахан тас жолында болған. Ішінде алты жастағы, үш жастағы бүлдіршіндер және кішкене сәби отырған Nissan Primera автокөлігіне қарсы жолаққа шыға келген Volkswagen Vento көлігі соққан.

Апатқа кінәлі Исатай селосының 23 жастағы тұрғыны боп шықты. Оның үш жолаушысы: 45 жастағы ер адам, 37 және 60 жастағы екі әйел адам сол жерде көз жұмған.

Ниссан көлігінің ішінде болған балалар қатты жарақат алды. Олар қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Анастасия ПАСТУХОВА

16 қараша 2011, 18:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.