Атырау, 29 наурыз 16:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қалыңдықтар дүрбелеңі

3 538 просмотра


Атырауда макияж бен боди-арттан Қазақстанның ІІІ ашық чемпионаты өтті. «Ренессанс» қонақ үйінің әдеттегі іскери салмақты салтанат залы әдемі қалыңдықтардың әсерінен өз ұстанымын жоғалтып, «жеңілтектігі» жағынан керемет шоу алаңына айналды.

50 МИНУТТА ҮЛГЕРУ

Қазақстанның бьюти-индустриясының қызметіне 10 жылдан аса уақыт болмаса да, қазақстандық шеберлердің халықаралық алаңдардағы үлкен жеңістеріне қарап, оның осы нарықты қарқынды игеріп жатқанын байқауға болады. Бұдан бір ай бұрын Қазақстан құрамасы Парижде ең көп ұпай жинап, командалық есепте «алтын» иеленді. Мұндай үлкен іс-шараларға қатысу қымбатқа шығатыны белгілі, сондықтан оған тек бірлі жарым адамдар ғана бара алады. Алайда шеберлер үшін байқаулар мен жарыстарға қатысу өте маңызды. Сол жерде олар өз шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинайды, керек адамдармен танысады. Сондықтан да Қазақстанның визажистері мен боди-арт қауымдастығы көшпелі ашық чемпионаттар сериясын жасауға шешім қабылдады: алғашқы екі турнир Астана мен Шымкентте болса, үшінші жарыс Атырауда өткізілді. Бұл жерде Атырау, Алматы, Ақтау, Астана, Орал, Ақтөбе, Ташкенттен (Өзбекстан) келген 30-дан аса қатысушы сынға түсті.

Чемпионат таңертеңгі 10-нан кешкі 6-ға дейін созылды. Шеберлер үш номинацияда сайысты: «прет-а-порте» салондық үйлену тойы макияжы, подиумдық үйлену тойы макияжы, подиумдық макияж.

Дайындық чемпионат болатын күннен көп бұрын басталды, өйткені, шеберлер креативті және сапалы макияж жасап қана қоймай, көйлегі мен шаш үлгісін, әшекейлері мен маникюрге дейін барлық бейнені ойластырып қоюы керек. Әділ қазылар бөлек элементтерді емес, түгел бейнені бағалайды, ол үйлесімді және аяқталған болуы қажет.

Чемпионатқа өте білікті қазылар төрелік етті: ҚР визажистер қауымдастығының президенті Дильфуза АБДУЛЛАЕВА, Еуропа-2015 турнирінің абсолюттік чемпионы Виктория СТАНЕВИЧ, Еуропа-2014 турнирінің қола жүлдегері Елена УШАКОВА, Еуропа-2015 жүлдегері, жерлесіміз Динара НҰРАШЕВА және т.б. баға берді.

Жарыс ережесі бойынша әр номинацияда кез келген (қиын болса да) макияжды жағуға 50 минуттан артық уақыт берілмейді. Суретшілер өздерінің мәңгілік емес туындыларымен жұмыс жасап жатқанда көрермендердің іші пыспады - әр номинация көрсетілімдерінің арасындағы үзілістерде жергілікті киім және әшекей дизайнерлері өз жинақтарын көрсетті.

СОФИТ СӘУЛЕСІнің АСТЫНДАҒЫ СҰЛУЛАР

Макияждың кейбір артық жағылуын, бояулардың тым қоюлығын, декоративті макияждың қарапайым әуесқойларына таңсық бейнелі декоративтік элементтерді кәсіпқойлар осындай байқаулардың ережесімен түсіндіреді: подиумдық, конкурстық макияждар мерекелік немесе үйлену тойындағы әрлеуден бөлек. Ол барлық көрермендерге, тіпті, артқы орындардағы адамдарға анық көрініп, ерекше төзімді болуы керек, өйткені, барлық көрсетілімдер мықты софиттердің сәулелері астында жүргізіледі, сондай-ақ, теле және фото түсірілімдер кезінде өңі өзгертілетінін де есепке алу керек, фото-бейнекамералардың түсіру кезінде бояуларды «жеп қоятыны» баршаға белгілі.

Кәсіби мейкапқа қоятын басты талаптарды тренер Диля АБДУЛЛАЕВА атап өтті:

- Бұл байқау болғандықтан, бояулар анық болу керек. Ашық макияжда бояулардың күрделі үндесулерімен жұмыс жасай білу дағдысын оңай байқауға болады. Алайда макияж шынайы әрі бірізді болуы керек. Бастысы – орындау тазалығы, сызықтардың анықтығы мен бейненің толықтығы.

Байқауға мамандардың үш санаты қатысты: шеберлер (2 жылдан жоғары тәжірибесі бар), юниорлар (6 айдан 2 жылға дейін) және оқушылар (6 айға дейін). «Шебер» санатында Елена КИМ НИЯЗОВА «подиумдық үйлену тойы макияжы» және «подиумдық» номинацияларында жеңімпаз атанды. Ол, сондай-ақ, Үздік визажист-2015 атағына ие болды.

«Прет-а-порте» номинациясында шебер Светлана РАХИШЕВА (Атырау) үздік атанды.

Жеңімпаздар шеберлер кубогына, демеушілер дайындаған сыйлыққа, «Николь» (Алматы) және мәскеулік «Долорес» макияж мектебінде тегін оқу, сондай-ақ, 100 мың теңгеге кәсіби косметика сатып алу сертификаттарына ие болды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суреттерді түсірген автор

5 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.