Атырау, 28 наурыз 18:22
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Call-орталыққа хабарлас

2 093 просмотра

– Жақында екі жасар баламды №2 қалалық емханаға медициналық тексеруден өткізуге апардым. Әңгіме кезек мәселесі туралы. Біз хирургке кіру үшін алдын ала жазылдық, тіркеу бөлімінен бізге қолымызға дәрігерге кіретін уақыт жазылған талон берілді. Бірақ көрсетілген уақыттан бір сағат кейін кірдік. Және ешкім талонға қарамайды, бәрі кезекпен кіріп жатты. Егер дәрігерге уақытында кірмесең, онда неге бұл жүйені алып тастамасқа?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ жауап берді:

– Емханалар кезекті аккредитациялық тексеруден өтуіне байланысты пациенттерді қабылдауда кідірістер болған. Қазіргі таңда дәрігерлік қабылдау уақытымен алдын ала жазылу бойынша жүргізілуде.

«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 17 тамыздағы №479 бұйрыққа сәйкес, дәрігердің қабылдауына жазылу барлық емханаларда жүзеге асырылады. Талонды жүйе енгізілгеннен кейін көп емханаларда қабылдау тәртібі жүйелендірілді. Бақылау жүргізу үшін №7 емхана базасында Call-орталық ашылды. Мұнда орын алған жағдайларға қатысты шаралар алынады. Call-орталықтың телефоны – 98-02-92.

5 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.