Атырау, 23 сәуір 23:57
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қазақстанда жұмыссыз ЖОО түлектерінің саны жыл сайын өсіп отыр

3 237 просмотра

2006 жылдан жалпы жұмыссыздар ішіндегі жоғарғы оқу орындары түлектерінің үлесі 20,1%-дан (118 мың адам) 2014 жылы 28,2%-ға (124 мың), 2015 жылдың екінші тоқсанында 32,4%-ға ұлғайды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

АСТАНА, 3 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. 2006 жылдан жалпы жұмыссыздар ішіндегі жоғарғы оқу орындары түлектерінің үлесі 20,1%-дан (118 мың адам) 2014 жылы 28,2%-ға (124 мың), 2015 жылдың екінші тоқсанында 32,4%-ға ұлғайды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Баспасөз қызметінің хабарлаынша, ҚР ДСӘДМ «Жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ (әрі қарай — «ЖҚЖ АТО») сарапшыларының мәліметінше, соңғы 9 жыл ішінде Қазақстанда 2015 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздар санының 625 мыңнан 2006 жылмен салыстырғанда 449 мыңға қысқару жағымды динамикасы байқалады.

Сонымен қатар, сарапшылар жұмыссыздар арасында алғаш рет жұмыс іздеушілер үлесінің артып келе жатқанын айқындады.

«2006 жылдан жалпы жұмыссыздар ішіндегі жоғарғы оқу орындары түлектерінің үлесі 20,1%-дан (118 мың адам) 2014 жылы 28,2%-ға (124 мың), 2015 жылдың екінші тоқсанында 32,4%-ға ұлғайды. Бұл екінші тоқсанда еңбек нарығына мектеп, колледж, техникум мен ЖОО түлектерінің қосылуымен байланысты», — деп есептейді сарапшылар.

Сарапшылар бірқатар қаржылық және сараптама ұйымдарының болжамдары бойынша Қазақстан экспорттайтын мұнай және өзге де шикізат ресурстарына баға сол деңгейде сақталатын болса, онда жақын аралықта еңбек нарығындағы бос орындар санының азаюы мүмкін екендігін жобалайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын «ЖҚЖ АТО» АҚ-ның сарапшылары Қазақстандағы жұмыссыздықпен күрес шараларының сәттілігі «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асырумен тікелей байланысты екенін, бағдарламада жұмыссыздық деңгейі — 5%-дан көп емес, әйелдер арасындағы жұмыссыздық — 5,5%-дан артық емес, жастар арасындағы жұмыссыздық — 4,6%-дан көп болмауы туралы нақты мақсаттар айқындалғанын, сондай-ақ, жүзеге асырудың нақты бағыттары инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту; кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және тірек ауылдарын кешенді дамыту; жұмыс берушінің сұранысына сай жұмысқа орналастыру мен көші-қон мәселелері бойынша жәрдемдесу мен оқыту болып белгіленгенін хабарлаған болатын.

2014 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шараларының аясында 167 мың адам жұмыспен қамтылды. Биылғы жылдың басынан бастап 118 мың адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 97,4 мың азамат, уақытша жұмысқа – 20,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Дереккөз: newskaz.kz

3 қараша 2015, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.