Атырау, 25 сәуір 10:54
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

ҚХР азаматы Қазақстанға шекара арқылы жерді қазып өткен

6 133 просмотра

Ведомствоның мәліметінше, түнгі 00 сағат 31 минутта ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасына қарасты Жаркент шекара отрядының «Ынталы» шекара заставасының дабыл беру жүйесі безілдеп қоя берді.

АСТАНА, 30 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Қытай азаматы Қазақстанға шекара арқылы жерді қазып өткен

деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қыхметінен.

Ведомствоның мәліметінше, түнгі 00 сағат 31 минутта ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Шығыс» өңірлік басқармасына қарасты Жаркент шекара отрядының «Ынталы» шекара заставасының дабыл беру жүйесі безілдеп қоя берді.

"Өте қуатты жылжымалы жарық беру машинасын және ізшіл итті де өздерімен бірге алып, шұғыл түрде дабыл түскен аумаққа келіп жеткен дабыл тобы із бақылау жолағынан көршілес елдің аумағынан біздің жерімізге қарай өткен адамның іздерін бірден тапты. Тексере келе, шекара бұзушы электрлі дабыл беру кешенінің астын қазып өткендігі белгілі болды",-делінген хабарламада.

Бұл уақытта көршілес шекара заставаларының дабыл топтары да оқиға болған аумақты бақылауға алып үлгерген еді.

"Иісшіл ит ізді қуалап жүгіре жөнелді. Шеберлікпен ұйымдастырылған іздестіру шараларының нәтижесінде арада бір сағат өтпей жатып, Мемлекеттік шекара сызығынан 8 шақырым қашықтықта, Алтынкөл теміржол станциясын бетке алған шекара бұзушы қолға түсті.Өзімен бірге алып жүрген төлқұжаты бойынша оның 1985 жылы ҚХР-дың Фэнтю уезінің Хэнай провинциясында туған қытай ұлтының азаматы екендігі де анықталды. Шекараны бұзып өту себебін өмір сүруге жайлы жер іздеуімен түсіндіреді", - деп көрсетілген хабарламада.

Ол сөмкесінде 501 юань, азық-түлік, эелектрлі қолшам, ауыстыратын ішкиімдер мен жылы киімдер, темекі блогын, қытай тіліндегі әлем картасын т.б. тіршілікке керекті заттарды алып шыққан.

Дереккөз/фото: newskaz.kz

30 қазан 2015, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.