Атырау, 16 сәуір 10:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Портал өзгертілмейді

2 315 просмотра

- 2014 жылдың қарашасында мен ХҚКО-ға балабақшадан орын алуға өтініш бердім. Біз тұратын Алмагүл 1 ықшамауданында ашылған балабақша деректер базасында жоқ екеніне сілтеме жасаған маман өтініште басқа балабақшаны көрсетуді сұрады. Кейіннен өтінішімді кері жазып, керек балабақшаның атын жазуға болатынын айтты. 15 қазанда мен қалалық білім бөліміне бардым, сол жерде маған базадан енді ештеңе өзгерте алмаймыз, орындарды бөлетін уақытта келіп, өз ықшамауданыңыздағы балабақшадан орын сұрауға болады деп хабарлады. Үлкен ұлыммен де осындай жағдай болған: қалалық білім бөлімі базасында №13 балабақша болмады, сондықтан мен өтінішке №55 балабақшаны көрсеттім. Ал орындарды бөлу кезінде білім бөлімі өтініште №55 балабақша көрсетілген деп ауыстырудан бас тартты. Қандай кезеңде және қай жерде – ХҚКО-да немесе білім бөлімінде - өтініштегі балабақша номерін өзгертуге болады? Кейбір балабақшалар қалалық білім бөлімі базасында неге тіркелмеген?

Гүлжазира Тауманова

Сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Атырау филиалының директоры Тұрлан НҰРЖАНОВ жауап берді:

- ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, өтініш беруші ХҚКО-ға да, порталға да хабарласа алады. Алайда мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін кезекке қойылғаннан кейін басқа балалар ұйымына ауыстыру Халыққа қызмет көрсету орталығының құзыретіне кірмейді. Осы мәселені ақпараттық жүйе арқылы реттеу үшін қалалық білім бөліміне хабарласу керек.

Қалалық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру бөлімінің бас маманы Гүлнар ЖОЛМҰХАНОВА бұл жерде мазасыздануға негіз жоқ екенін хабарлады:

- ХҚКО арқылы өтініш берілген кезде құжат egov.kz бірыңғай орталықтандырылған порталға тіркеледі. Біз оған мектепке дейінгі балалар мекемесінің номерін ауыстыруға қатысты өзгерістер енгізе алмаймыз. Алайда мамыр-маусым айлары аралығында өтетін балабақшалардағы орындарды бөлгенде біз балаларды тұрғылықты жерлері бойынша, болмаса жақын аудандарға тіркейміз. Балабақшалардағы орындар тұрғылықты жерлерін есепке алмай тек жеңілдігі бар адамдарға (әскерилер балаларына және т.б.) ғана беріледі. Бұл жағдайда олар сол сәтте бос орын бар балабақшаларға жолдама алады.

29 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.