Атырау, 16 сәуір 20:08
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Жылы болды деп айта салады

2 523 просмотра

- Үшінші жыл қатарынан жылуды бірінші қазаннан бері қосып жүр, алайда ереже бойынша 15 қазанда қосуы керек. Пәтердегі батареялар жылымайды. Ал жылуды уақытынан бұрын қосқаны үшін бізді 2-2,5 мың теңге артық төлеуге мәжбүрлейді. Жылуды ерте берудің не қажеттілігі болды?

Надежда Селенинова, Достық көшесі, №4 үй

Сұраққа «Атырау ЖЭО» АҚ вице-президенті Алла КАНЦЕВА жауап береді:

- Жылу беру кезеңінің басталуы мен аяқталуы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға сәйкес, ауа райының орташа тәуліктік температурасының тұрақты төмендеуіне (басталуы) және көтерілуіне (жылу беру кезеңінің аяқталуы) байланысты Атырау қаласы әкімінің қаулысымен белгіленеді. Қалалық әкімдіктің осындай хатына сәйкес, биыл жылу беру кезеңі 5 қазанда басталды. «Атырау жылу желілері» АҚ ақпараттарына сәйкес, Достық көшесі, №4 үйге жылу 2015 жылғы 6 қазанда қосылған.

29 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.