Атырау, 29 наурыз 15:07
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Өткенге оралу

1 840 просмотра

- Баймұханов көшесін қашан түзейді? Жаяу жүргіншілерге арналған жолды жөндеуді бастап, аяқсыз қалдырғаннан бері біз – Баймұханов көшесінің тұрғындары – тас жолсыз қалдық, енді жаңбырлы күндері балшық кешіп жүруге тура келіп тұр. №3 емхана мен темір жол вокзалына ауа райының қолайсыз күндері жаяу бару мүмкін емес. Сондай-ақ, автокөліктерге арналған жолды да кеңейту керек, өйткені, «Привокзальный» аялдамасы маңынан «Мұрагер» базарына дейін үнемі кептелістер пайда болады, әсіресе, кешке қарай және мереке күндері. Осы жолды жөндеу туралы өтінішімізге қалалық әкімдік үш жылдан бері ақша жоқ деген сылтау айтады.

Геннадий

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап береді:

- 2011 жылғы 16 шілдедегі №242 «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның 30-бабы 1-тармағына сәйкес, объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Баймұханов көшесі тұрғындарының өтініші жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қаржы бөлінген жағдайда қаперге алынады.

22 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.