Атырау, 23 сәуір 14:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Үлеске байланысты

1 941 просмотра

- Мен балалар үйінің түлегімін, мемлекеттік қордан тұрғын үй алуға 2009 жылдан бері кезекте тұрмын. 2014 жылы күйеуге шығып, ұл таптым. ТКШ бөліміндегі құжаттарымды ауыстырдым. Менің білуімше, біз 45 шаршы метр пәтер алуға құқылымыз, алайда бізге тек 30 шаршы метр тиесілі деп отыр, өйткені, күйеуімнің ата-анасының 69 шаршы метрлік үйінен үлесі бар. Сол пәтерге тағы 7 үлестестің бар болуына байланысты, күйеуіме тек 8,625 шаршы метр ғана тиеді. Күтіп отырған пәтерімізден осы ауданды ғана алып тастауы керек деп ойлағанбыз, алайда әлі нақты жауап ала алмай отырмыз. Осы мәселені шешіп беруге көмектесіңіздерші.

Ольга

Сұраққа қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үй бөлу секторының басшысы Марат НҰРҒАЛИЕВ жауап береді:

- Ольганың күйеуі кезінде ата-анасының үйін жекешелендіруге қатысты және ортақ мүліктен үлес алуға құқылы. Мемлекеттік қордан тұрғын үй алу барысында әр отбасы мүшесіне 15 шаршы метрден кем емес аудан тиесілі болады. Үш адамы бар отбасыға берілетін пәтер 45 шаршы метр болуы керек, алайда күйеуінің ата-анасы үйіндегі 8,6 шаршы метрді алып тастағанда 36,4 шаршы метр болады. Алайда осы жұптың баласы бар болғандықтан, бұл мәселе арнайы комиссия қарауына беріледі.

22 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.