Атырау, 29 наурыз 15:24
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Өткелдегі қиындық

2 374 просмотра

- Привокзальныйдағы темір жол өткелінің маңындағы Мұнайшы аумағы тұсында «Жүргіншілер өткелі» белгісі қойылды. Бірақ «зебра» жоқ. Сондықтан да Атырау – Доссор трассасындағы көліктер жол белгісіне жақындағанда жылдамдықтарын төмендетпейді. Сонымен қатар, осы өткелдің қасына Мұнайшы ықшамауданына кіретін жол салды, нәтижесінде осы жерде жол апаттары көп болады. Осы жерге қашан бағдаршам салады екен. Өткен жылы саламыз деп сөз берген, биыл салына ма екен?

Ләззат С.

Сұраққа облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзәлі ӨТЕҒАЛИЕВ жауап береді:

- Атырау – Доссор трассасындағы Мұнайшы ықшамауданына қарсы жаяу жүргіншілер өткеліне жол айрықтарын салуға қатысты қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне 1.14.1 «Зебра» түріндегі жол айрығын салу талабымен ұсыным жіберілді. Бағдаршам нысанын салуға келетін болсақ, Атырау қалалық әкімдігіне Атырау – Доссор трассасына бағдаршам нысанын орнату туралы ұсыныс берілді. Бұл мәселе қаралып жатыр.

22 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.