Атырау, 29 наурыз 12:18
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Әлеуметтік жоба: жалғасы бар...

4 019 просмотра

«Жайық-ақпарат» баспасөз клубында «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігі «Әлеуметтік әлсіз балалардың қуатын жоғарлату: табысқа жол» атты әлеуметтік жоба аясында жүргізген сегіз айлық жұмыстарының нәтижесін таныстырып, баспасөз мәжілісін өткізді.

Жобаға негізінен мүгедек және жетім балалар, жағдайы төмен отбасыдан шыққан өрендер мен девиантты әрекетті жасөспірімдер қатысқан. Қаладағы мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінің 8-11 сынып оқушылары арасында таңдалған 100 тәрбиеленушіге арнайы сауалнамалар таратылды.

Қоғамдық бірлестік жетекшісі Ұлықбек ТНАЛИЕВТІҢ айтуынша,жоба барысында түрлі мемлекеттік мекемелерде тәрбиеленіп жатқан балалар бір-бірімен танысып-білісіп, пікірлесіп қана қоймай, өз көкейлерінде жүрген тілектерімен бөлісуге мүмкіндік алған. Одан бөлек, жазғы демалыстарында «Тұлпар» лагерінде болып, интерактивті оқудан өтіп, өмірге жаңаша көзқарас қалыптастырып үлгерген.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржыландыруымен жүргізілген жоба сынақтық болып есептеледі. Келер жылы мұндай жобалар әлі де өз жалғасын таппақ, дейді «ТШО» ЖШС-нің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Мария ҚАРАЖІГІТОВА.

Журналистермен кездесуде қоғамдық бірлестік тарапынан бірталай ұсыныстар айтылды. Олардың ішіндегі тәрбиеленуші жастарды тұрғын үймен және жұмыспен қамту мәселелерін тиімді шешу, балаларға демеу болатын кризистік орталықтар ашу тәрізді мәселелер шынымен маңызды. .

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.