Атырау, 25 сәуір 07:09
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Өнертапқыштарды қолдайды

2 707 просмотра

“Атырау Innovations" компаниясы инноваторлар мен кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бойынша семинар өткізді.

КЕҢЕЙТІЛГЕН ТІЗІМ

Семинар инновациялық технологияларды енгізуге құштар студенттерге, магистранттарға және кәсіпкерлерге арналды. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ («"Бәйтерек"» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес мекемесі) жаңа басым бағыттар бойынша инновациялық гранттар алуға өтінімдер қабылдауда. Бұл тізімнің 8-ден 16 бағытқа кеңейтілгенін де атап өткен жөн.

- Енді гранттарды жеңіл және тамақ өнеркәсібіне, нанотехнологиялар және ғарыш саласына инновациялық жобаларды енгізу бойынша, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіне, фармацевтика саласына, медицина саласына, биоинженерия, гендік инженерия, агрохимия, роботехника, қаптама жасау және құрылыс өнеркәсібіне үдемелі технология енгізу бойынша алуға болады, - дейді технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік өкілі Ұлдай ЖАРКЕНОВА.

Бүгінде инновациялық гранттардың тоғыз түрі бар. Қазақстандық кәсіпкерлер жоғары технологиялық өнім шығаратын өндірісін бастапқы кезеңде қолдау үшін 50 млн теңгеге дейінгі мөлшерде грант ала алады, технологияларды коммерциялау үшін 30 млн-ға дейін, өндірістік зерттеулер үшін 30 млн-ға дейін, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттеу ұйымдарында патенттеу үшін 6 млн 250 мың теңгеге дейін ала алады. Жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар басқарушы өндірістік технологияларды енгізуге 15 млн теңгеге дейін, инженерлік-техникалық құрамның біліктілігін шетелде арттыру үшін 2 млн теңгеге дейін, жоғары білікті шетел мамандарын тарту үшін 9 млн теңгеге дейін, консалтингтік, жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тарту үшін 35 млн теңгеге дейін, технологиялар сатып алу үшін 150 млн теңгеге дейін грант ала алады. Үміткерлерге ыңғайлы болуы үшін өтінімдерді алдын ала қарастыратын құжаттар тізімі қысқартылған. Егер бұрын құжаттардың саны 14 болса, қазір сегіз. «ТДҰА» АҚ жанындағы гранттық қаржыландыру бойынша комиссия алдын ала өтінімдерді қарап, жауап береді. Егер өтінім ары қарай өтсе, өтінім беруші құжаттардың толық пакетін жинайды. Тағы бір жаңалық – егер бұрын өтінімдерді қазақстандық және шетелдік екі сарапшы-маман қарап, олардың бірі «жоқ» деп айтқан болса, өтінім қабылданбайтын. Енді мұндай жағдайларда үшінші сарапшы шақыртылып, өтінімнің тағдыры дауыс беру бойынша шешілетін болады.

Ережелерге сәйкес, жобаларды коммерциялауға 100 млн-нан артық қаржы бөлінбейді, бұрын ол меже 25 млн-нан аспайтын. Сонымен қатар құрастырушылар командасының жалақылары да қаржыландырылады. Ал бұрын олар ешқандай ақы алмайтын.

СЫЙЛЫҚ – ҰЛЫБРИТАНИЯҒА САЯХАТ

- Биылғы жылы біз аталымдарды кеңейттік, Британдық кеңеспен бірлесе отырып Қазақстанда 5-11 сынып оқушылары мен 1 және 2 курс студенттері арасында ең үздік инновациялық жобаларды таңдайтын боламыз. Сонымен бірге Британдық кеңестің қолдауымен біздің еліміздің намысын қорғау үшін Лондонда өтетін FameLab конкурсының финалына қатысатын үздік жас ғалымды анықтайтын боламыз, - деп хабарлады Ұлдай Жаркенова. Бұл аталымның жеңімпазы мен жүлдегерлеріне ұсынылатын басты сыйлық – Ұлыбританияға танымдық-білім алу сапары.

Өнертапқыштарды анықтау мен оларды ынталандыруға бағытталған конкурстарды инвестиция және даму министрлігі технологиялық даму бойынша ұлттық агенттікпен бірлесе отырып жыл сайын ұйымдастырады. 2010-2014 жылдары 4 мыңнан астам инновациялық жобаны теңдестіруге мүмкіндік туды. Олардың 600-іне жүзеге асыру барысында тәжірибелік көмек көрсетілді.

Инновациялық гранттар бойынша осы уақытқа дейін 1 400-ден астам өтінім қаралған, олардың 248-іне барлығы, шамамен, 9,8 млрд теңге болатын гранттар берілген. 2014 жылдың соңына дейін грант алушылар 1 132 жұмыс орнын құрып, 930,3 млн теңге салық төлеп, 33,3 млрд теңгенің өнімін шығарған. Гранттарды беру қорытындысы бойынша 2014 жылы инновациялық гранттарға бөлінген мемлекет қаржысының бір теңгесіне 1,38 теңге жеке инвестиция тартылған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.