Атырау, 19 сәуір 00:35
 ашықВ Атырау +24
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Апта суық болады

2 827 просмотра

«Қазгидромет» РМК филиалында хабарлағандай, ауа райы келесі аптаның аяғында ғана жылынады.

- Облыс солтүстіктен келген циклон аймағында тұр, ауа райының күрт салқындауы мен жауын-шашын осының әсері, - деп түсіндірді метео болжам жасау бөлімінің басшысы Күләйна МЫРЗАШЕВА. – Күннің суытуы келесі аптаның аяғына дейін созылады.

Сенбі, 10 қазан күніндегі ауа райы.

Облыс бойынша жауын-шашын болады, кей жерлерде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0-3 градус жылы, кей жерлерде -3 градусқа дейін төмендейді (Қызылқоға және Құрманғазы аудандарында), күндіз 7-12 градус жылы.

Атырау қаласында күн бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстік батыстан секундына 9-14 метр жел тұрады. Температура түнде 1-3, күндіз 8-10 градус жылы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қазан 2015, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.