Атырау, 24 сәуір 05:42
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​БАҚ: Астана түбінде ұшақ құлады деп жалған ақпарат таратқандар іздестірілуде

1 822 просмотра

Астана маңында ұшақ құлады! Ақпарат агенттіктерінің бірі таратқан осындай хабар бүгін күллі елді дүрліктірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

АСТАНА, 9 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Астана маңында ұшақ құлады! Ақпарат агенттіктерінің бірі таратқан осындай хабар бүгін күллі елді дүрліктірді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алайда, ақпар жалған боп шықты. Біздің тілшілер 6 сағат бойы құтқарушылармен бірге жүріп, құлады делінген ұшақтың қалдығын да таба алған жоқ. Енді дүйім жұртты дүрліктірген ақпарат агенттігі мен оларға осындай мәліметті жеткізгендер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жаңа ғана Ішкі Істер министрлігі қауесет таратушыларды анықтауға кіріскендерін мәлімдеді. Кінәлілерді 10 жыл жаза немесе 10 миллион теңге айыппұл күтіп тұр. Астана аспаны бүгін онсызда қырағы бақылауда еді. Өйткені, осы сағаттарда Елорда әуежайына Украиина президентінің борты келіп қонып жатыр.

Дереккөз: newskaz.kz

9 қазан 2015, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.