Атырау, 25 сәуір 03:38
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Армения Негізгі заңын өзгерту жайлы референдум өтпек

1 562 просмотра

Армения президенті Серж Саргсян Конституцияға елді парламенттік республикаға айналдыруды көздейтін өзгерістер енгізуге байланысты жалпыхалықтық референдум өткізу туралы жарлыққа қойды. Референдум биыл желтоқсанның 6-сына белгіленген.

Бұған дейін, қазанның 5-і күні Армения парламенті негізгі заңға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді мақұлдаған. Референдум өткізуге қарсылық білдірген оппозицияның жүздеген өкілі бірнеше күннен бері наразылық акцияларын өткізген

Бүкілхалықтық референдумге ұсынылған Конституцияға енгізілетін өзгерістер президенттің өкілеттігін парламентке беруді көздейді. Сонымен бірге, референдумде халық мақұлдаса, президентті тікелей төте сайлау жолымен емес, парламент арқылы сайлау тәртібі енгізіліп, президент қызметінің мерзімі бес жылдан жеті жылға ұлғайтылатын болады.

Дереккөз: azattyq.org

9 қазан 2015, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.