Атырау, 20 сәуір 01:15
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Астанада Порошенко Мәсімовпен кездесті

2 258 просмотра

Бейсенбінің кешінде Астанаға ресми сапармен келген Украина президенті Петр Порошенко сол күні Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездескен. Бұл Порошенконың Украина президенті болып сайланғаннан соң Қазақстанға алғашқы сапары.

Украина президенті сайтының хабарлауынша, Петр Порошенко Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қосылуы туралы келіссөздердің аяқталуымен құттықтаған. Порошенконың пікірінше, 2016 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Украинаның Еуропа Одағымен еркін сауда аймағы іске қосылатыны және Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы екі ел арасындағы «сауда-экономикалық әріптестіктің нығайуы үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады».

Кездесуде екі тарап құрылыс, машина жасау, мұнай-газ және аграрлық салалардағы украиналық өндірушілер қатыса алатын бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды талқылағаны хабарланды. Сонымен бірге, кездесуде қозғалған тақырыптар арасында Украинаны газбен қамтамасыз етуді әртараптандыру мәселесі де болды деп хабарлады Украина президентінің баспасөз қызметі.

Украина статистика мекемесінің хабарлауынша, бұл елдің Қазақстанмен жалпы сауда көлемі биылғы жылдың алғашқы жартысында 544,1 миллион долларды құраған.

Бүгін Петр Порошенко Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарланған. Қос президент кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, агроөнеркәсіп, көлік, өнеркәсіп пен ғарыш салаларындағы екіжақты қарым-қатынастар жайын талқыламақ.

Дереккөз: azattyq.org

9 қазан 2015, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.