Атырау, 29 наурыз 00:43
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алтын «дубль»

1 643 просмотра

5 қазанда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде ел чемпионатының алтын медалін иеленген «Атырау» ФК-ның қосалқы құрамын ұлықтау рәсімі өтті.

Шешуші матч 17 маусымда өтті. «Судоремонтник» стадионында «Атырау» және «Қайрат» (Алматы) командаларының жастар құрамы кездесті. Екеуі де «алтынға» үміткер еді, тек айырмашылығы алаң иелерін тең ойын да қанағаттандыратын. Тимур ҮКІБАЕВТЫҢ шәкірттері алдарына қойылған міндетті орындап, матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Мәдениет үйіндегі кеште жиналған жанкүйерлерге қосалқы команда ойыншыларының чемпионат барысында салған 53 голының ең әдемілерін, қақпашы Азамат ЖОМАРТОВТЫҢ үздік сейвтерін жинақтаған бейне ролик көрсетілді.

Команданың барлық ойыншыларына футбол клубы сыйақы берді (сомасы айтылмады). «Атырау» ФК президенті Шыңғыс МҰҚАН өз сөзінде егер команда КФЛ Кубогында да жеңіске жетсе, сыйақы мөлшері де артатынына сөз берді. Негізгі құрам атынан «жастарды» команданың бас бапкері Владимир НИКИТЕНКО, бас команданың ойыншылары Стефан ЭССАМЕ мен Майкл ОДИБЕ құттықтады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Әмірхан Қоржынов

8 қазан 2015, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.