Атырау, 28 наурыз 21:11
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жол ақысы: «жоғарғы шек - 80 теңге»

2 998 просмотра

Image 0Көрнекі сурет. Журналистермен кездесуі барысында қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ таяу жылдары қала билігінің шешуге жұмыстанып отырған басты міндеттерінің бірі көлік жолдарының сапасын арттыру екенін хабарлады.

Қазіргі кезде 6,5 млрд теңгенің жалпы жұмыс көлемі бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы дайын – бұл жоба қалаішілік және қала сыртындағы елді мекендердің көшелерін жөндеу және жаңа көшелер салу жұмыстарына арналған. Сонымен қатар жақында бұрын жасақталған 2,5 млрд теңгенің жобалау құжаттамасына түзетулер енгізілді. Жұмыстар Самал (15 көше), Балауса (15 көше), Жұлдыз (5 көше), Сарықамыс-2, Жұлдыз-2, Авангард-4 ықшамаудандары, Баймұханов, Крупская, Студенттер көшелерінде, Лесхоз, Томарлы ауылында және т.б. жүретін болады. Кей көшелерді жөндеу жұмыстары биыл басталып кетті. Қоғамдық көлік бойынша: Атырауда Орталықтандырылған диспетчерлік қызмет жүйесі ұйымдастырылып, жақында маршруттық таксилер енгізілді.

- Қалалықтардың маршрут-тық таксилерді жақсы қабылдағандарын айта кету керек, енді жаңа бағыттарды ашуды ойластырудамыз.

Тасымалдаушылардың минус-тық сальдосына байланысты қиындықтар бар. Негізгі тасымалдаушы «Айс Транс Холдинг» компаниясы 2013 жылы 89 млн 957 мың теңге шығынға батса, 2014 жылы 94 млн 665 мың теңге, ал 2015 жылы 96 млн 345 мың теңге шығынға батқан. Тасымалдаушы операторлар тарифті көтеру ұсынысымен әкімдікке бірнеше рет өтініш берген. Әзірге бұл мәселе қаралу үстінде, тасымалдаушылар шығындарының және жолаушы-лар ағынының мониторингісі жүруде. Қандай жағдай болса да, Н.Ожаевтың айтуынша, тариф 80 теңгеден артық көтерілмейді және үш жылға дейін өзгермейді. Әрі мектеп оқушылары мен зейнеткерлерді тегін тасымалдау міндетті шарт болып қалады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қазан 2015, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.