Атырау, 18 сәуір 14:52
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

1 864 просмотра

Футбол

Қала күнін атап өту аясында «Мұнайшы» стадионында футболдан қазақстандық эстрада жұлдыздары және Атырау қаласы әкімдігі командалары арасында жолдастық кездесу өтті. Ойынды тамашалауға көрермендер көп келді.

Матчтағы есепті қалалық спорт бөлімінің бас маманы Жолай Шуақбаев ашты. Жер қатынастары бөлімінің қызметкері Азамат Сариевтың алыстан соққан әдемі голынан кейін «Меломан» тобының әншісі Ғабит Әбілдаев есеп айырмасын қысқартты. Көрермендер «Жұлдыздардың» жетістігін қолпаштап қол соқты. Осыдан кейін әнші Райым Уайс командаластарының ұтымды пасын голға айналдырды, есеп теңесті – 2:2.

Осыдан кейін де голдар үсті-үстіне соғылды. Құқықтық бөлімнің бас маманы Жігер Ибатоллаұлы мен «Заман» тобының әншісі Әсет Қарабалин көзге түсті. Қалалық ТЖ бөлімінің басшысы Серік Нысанбаев есепті 4:3 етсе, келесі шабуылда «Жұлдыздар» қорғаушысы өз қақпасына гол соғып алды. 5:3 - әкімдіктер жеңіске жетті.

Матчтың үздік ойыншылары атағы тек әртістерге ғана – «Сұңқар», «Меломен», «Заман» «Өнер қырандары» музыкалық топтарының мүшелеріне берілді. «Мұнайшыдағы» кеш көңілді концертке жалғасты.

***

Волейбол

Энергетика және құрылыс колледжінде (бұрынғы №101 ОКТУ) кәсіптік білім берудің 75 жылдығы және колледждің құрылғанына 40 жыл толуына орай кәсіптік білім беру саласының ардагерлері арасында волейболдан турнир өтті.

Жарысқа политехникалық колледж, сервис колледжі, мұнай және газ, көлік және коммуникация, Сарайшық ауыл шаруашылығы салалық колледждерінің және алаң иелерінің екі ұжымы қатысты. Турнирдің ашылуында облыстың кәсіптік білім беру саласының ардагерлері Бауыржан Рахбиев, Нұрғали Темірташев, Төлеу Мырзағалиев сөз сөйледі. Спорттық жарыста Сарайшық командасы жеңімпаз атанып, 2-орынды алаң иелері, үшінші орынды көлік және коммуникация командасы алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.