Атырау, 29 наурыз 18:59
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматыда балық өңдеу зауыты салынып жатыр

2 211 просмотра

Жақында «Амангелді» өндірістік кооперативі тендерде ұтып, бұрын «Атыраубалыққа» тиесілі екі тартым учаскесін алды.

Қосымша тартымдар өнеркәсіптік балық аулау көлемін арттыруға мүмкіндік береді. ӨК басшылығы осы учаскелерге құқығын тез арада ресімдеп, келесі балық аулау маусымында жұмысты бастағылары келеді. Естеріңізге салсақ, бұған дейін кооператив балықшылары «Жамбыл» кеңшарының және «Атыраубалыққа» қарсы беттегі «Золотенок» тартымында ау салды.

- Жаңа екі тартымға ие болғанымыз балықшыларымызды қатты қуантты, ал біздің 600-ге жуық қызметкеріміз бар. Соңғы кездері кооператив Украинадағы соғыс пен Ресей рублінің девальвациясына байланысты қиын жағдайға тап болды, өйткені, барлық экспортталатын өнімдеріміздің 70%-ы сол елдерге кетеді ғой. Теңгенің еркін бағамға ауысына байланысты рубльдің бұрынғы курсына жақындадық, енді жағдайымыз біртіндеп түзелетін шығар, - дейді «Амангелді» ӨК төрағасы Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ.

Балықшыларда тағы бір жағымды жаңалық бар екен: олар Алматыда жаңа үлкен балық өңдейтін зауыт салып жатыр. Осы жобаны жүзеге асыру үшін қаржыны жылына 6%-дық мөлшерлемемен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан алыпты. Несие теңгемен беріліп, зауыт құрылысына байланысты төлеуді бір жылға шегерген. М. Әмірғалиевтің айтуынша, соңғы жылдары балықшыларды нарықтан жайлап ысыра бастаған. Егер Алматыда, мысалы, сазанның 1 келісі 500-600 теңге тұрса, ортадағы делдалдар балықты 200 теңгеден артық бағаға алмайды. Балықшылар шығын көріп, алыпсатарлар байып жатыр. Бұл жағдайдан шығатын бір ғана жол бар – бөлшек сауда желісін өзіміз жасауымыз қажет. Жаңа жоба кооперативке балықтарды өңдеу және сақтауға ғана емес, оларды ірі сауда желілеріне ұсынуға мүмкіндік береді. Осы үшін арнайы 30 жылжымалы сауда қондырғылары алынды.

- Біз өз өнімдерімізді тек Атырау нарығына шығармаймыз, қазірдің өзінде Алматы және Астана сауда желілерінде сатып жатырмыз. «АтырауКаспийБалық» деп аталатын брендімізді ұсынып жатырмыз, - дейді М. Әмірғалиев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.