Атырау, 19 сәуір 18:15
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жерді алдың ба? Пайдалан!

3 357 просмотра

Облыстық әкімшілікте жер учаскелерін жеке үй  құрылысы үшін  пайдалану проблемалары қаралды. Дәрігерлер мен мұғалімдерге жер бөлу мәселесі бөлек талқыға түсті.

Атырау қаласы әкімі Мереке ЕСМҰРАТОВ2001 жылдан бастап күні бүгінге дейін қала әкімдігіне үй салу үшін жер сұраған 42,5 мың өтініштің түскендігін мәлімдеді.

Биылғы жылы тұрғындардың сұраныстарын қамтамасыз ету үшін қала әкімшілігі қала маңы мен оған жақын аймақтағы ауылдық жерлердегі шағын аудандарда 14 жоба жабдықтаған. Олар «Жұлдыз-3» (770 учаске), Водников с. (1060), «Атырау» ауылдық округі (738), Тасқала-3 с. (600), Еркінқала с. (2350), Ақсай с. (950),. Ақжар с. (650), «Бірлік» м/а (450), Жаңаталап с. (1100), Дамба с. (210), Сарықамыс-2 м/а (220), «Өркен» м/а (260), Томарлы-2 с. – 180. Жалпы саны -9538 учаске.

Қазірде кезекте тұрғандар арасында 6 мың учаске бөлініп, соның ішінде жас отбасыларына 1000 учаске берілсе, мемлекеттік қызметкерлерге - 433 және әлеуметтік сала жұмысшыларына - 133 учаске берілген. Ал мұғалімдер мен дәрігерлерге арнап 233 учаске бөлінген.

Сондай-ақ қала әкімшілігі 2005-2009 жылдар арасында бөлінген жер учаскесін игеру барысына мониторинг жасаған. «Көктем», «Балауса», «Жұлдыз» және «Тасқала» мөлтек аудандарындағы 3,7 мың учаскенің 1194-і игерілмеген екен. Қазір бұл жерлерді кері қайтару жөніндегі арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бұдан бөлек М.Есмұратов былтырғы жылы жергілікті халықтың жалпы ауданы 182 мың шаршы метрді құрайтын 1025 жеке үй салғанын да хабарлады.

Жер қатынастары жөніндегі облыстық басқарма бастығы Рысқали СИСАТОВ аймақтағы жағдаймен таныстырды. 2 жылдан астам уақыт  пайдаланылмай отырған жер учаскелерінің саны 6 мың. Бірнеше ескертуден кейін бөлінген жер қожайындары белсенділік танытып, игерілмеген учаске саны 4,2 мыңға азайған.

Жылыой ауданындағы жер учаскелерін пайдалану қиындық тудырып отыр. 2,4 мың учаскенің бүгінде тек 39,1%-ы игерілген.

Аудан әкімі Рахметолла НҰҒМАНОВ несие проблемасына сай жылыойлықтар құрылысты азайтқанын айтады. 21 учаске өкіметке қайтарылды. Махамбет ауданында жағдай одан жақсырақ. 2,5 мың учаскенің 93,3% пайдаланылған. Оның ішінде 234 учаскеде тұрғын үй салынып жатыр, ал 970 учаске қожайындары тек іргетасын құйып, қоршаумен ғана шектелген.

Р.Сисатов сондай-ақ ауыл шаруашылығы қажеттілігіне бөлінген 328 учаскенің 159-ның ғана игерілгенін мәлімдеп отыр. 63 учаске үкімет қорына қайтарылған. Облыс бойынша кәсіпкерлік мақсатқа бөлінген 127 учаскенің тек 44,3% ғана игерілген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.