Атырау, 25 сәуір 14:04
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Мейірімді дүкен

2 488 просмотра

Атырауда «Мейірім мен қайырымдылық дүкені» деген атаумен ерекше дүңгіршек ашылды. Барлық түскен пайда «Атырау. Маленькая страна» бас мишығы зақымданған балаларды қолдау орталығының қажеттілігіне жұмсалады.

Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВТІҢ «Атырау. Маленькая страна» әлеуметтік жобасы БЦС және аутизммен ауыратын балаларға аяқтан тұрып, балалар арасына еркін «сіңісуге» көмектеседі. Дүкен адамдардан кез келген жаңа тауарларды қабылдап, өте төмен бағамен сатады. Яғни, дүкен бірнеше мәселені бірден шешпекші: бір жағынан қалалықтардың мұқтаждарға өз заттарын қайтарымсыз беріп, көмектесуіне мүмкіндік жасалса, екінші жағынан, аз қамтылған отбасыларға арзан бағаға жақсы заттар сатып алу мүмкіндігі туады, үшіншіден, осылардың барлығы маңызды әлеуметтік шараға қолдау көрсетеді.

Ерлан Күмісқалиевтің айтуынша, Алматыда еріктілер осындай жобаны жүзеге асыруға тырысқан, алайда, өкінішке орай, сәтсіз аяқталды. Дегенмен ол Атырауда науқас балаларға көмектесуден ешкім бас тартпайды деп үміттенеді. Дүкен «Адал» сауда орталығында орналасқан, жұмыс кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері сағат 11-ден 13-ке дейін және 15-тен 18.00-ге дейін жасайды. Жексенбі күні сағат 11-ден 14.00-ге дейін. Дүйсенбі – демалыс күні.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 қазан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.