Атырау, 29 наурыз 14:51
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қылмыскерлер азық-түлік ұрлап жүр

1 727 просмотра

3 қазанға қараған түні «102» пультіне қала сыртындағы Бірлік ауылының Жоламанов көшесіндегі «Қырмызы» азық-түлік дүкенін тонап жатыр деген хабар келіп түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен «Батыс-39» патрульдік экипажы қолдарында балға мен қысқашы бар екі күдіктіні ұстады.

Ал 7 қазанға қараған түні «Батыс-25» патрульдік экипажы Б. Майлин көшесі бойындағы «Жансая» азық-түлік дүкеніне түсуге әрекет жасаған 18 жастағы басбұзарды ұстады. Ұсталған кезде ол қылмысқа қатыстылығын жасыру үшін медициналық қолғабы мен бұрағышын (отвертка) лақтырып жіберді. Алайда бәрі кеш еді.

Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ атап өткендей, егер жеке кәсіпкерлер өз нысандарын орталықтандырған күзет пультіне қосса, дүкен тонау фактілері азаяр еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қазан 2015, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.