Атырау, 24 сәуір 23:14
 ашықВ Атырау +21
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атыраулық жігіт «Хрусталь үкіні» алып келді

2 471 просмотра

Image 0Сурет Құралбек Қармысовтың facebook.com бетшесінен алынды5 қазан күні кешке атыраулықтар Бірінші арнаның «Не? Қайда? Қашан?» телебағдарламасының тікелей эфирінен Атырау қаласының тұрғыны Құралбек ҚАРМЫСОВТЫ көруге мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, АМӨЗ-дің техникалық бөлімінің 26 жастағы инженері бір жыл бұрын бағдарламаға Жапонияға сапары барысында пайда болған сұрағын жіберген болатын. Ол ардагерлер командасы (Александр Друзь, Виктор Сиднев және т.б.) ойнаған жазғы серияның финалдық ойынына қатыстыАтырау тұрғыны «Не? Қайда? Қашан?» үздіктерін жеңді»). Құралбек білімпаздардың кейбір жапон қалаларының муниципалитеттері орыстың «Ручеек» ойынына ұқсайтын, ұлттық ойын барысында қолданылатын «Торянсэ» балалар әнін не үшін қолданады деген сұраққа жауап берулерін сұрады. Дұрыс жауап: бұл ән жолаушылар өткелінің тұсындағы бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде зағип жандар үшін орындалады екен. Білімпаздар сол ойында жеңіліске ұшырап, Құралбектің сұрағы жазғы сериядағы үздік сұрақ болып танылды. Атыраулық жігіт жалпылай алғанда 530 мың рубль мен «Хрусталь үкіге» ие болған еді.

«Не? Қайда? Қашан?» ойынының редакторлары уәде еткендей Құралбекті «Нескучный сад» бағында өткен күзгі серия ойындарына шақырды. Онда Алена Повышеваның командасы ойнаған еді. «Хрусталь үкі» осы жерде табыс етілді. Жігітіміз өз әсерлерімен үйге оралған соң бөлісті:

- Білімпаздар клубында болу үлкен әсерге бөледі. Мен кішкентайымнан осы зияткерлік ойынды жақсы көремін, алайда ойынның өзін сол жерде тұрып тамашалаймын деген ой түсіме де кірген емес. Бәрі де теледидардағыдай өтетінін көргенде таң қалдым. Ойын тікелей эфирде таратылады, ештеңе де қиылмайды. Ал, ойыннан кейін алған «Хрусталь үкі» бүгінгі таңда мен үшін өмірімдегі ең үлкен марапат және өз-өзімді дамыту үшін күшті ықпал болмақ.

Тікелей эфирдегі ойыннан соң сұхбат берген Сиднев командасының білімпаздары Құралбек Қармысовтың сұрағы өздеріне аса ұнамағанын мойындады.

- Жалпы біздің команда бір нәрсе қалай және қандай мақсатпен қолданылады дегенге саятын сұрақтарды ұнатпайды. Сұраққа жауап беру үшін сол Жапонияның немесе қандай да бір ауылдың тұрғыны болу керек, - деп өз пікірін білдірді Александр Друзь. – Бірақ Құралбектің сұрағына тілшілер сюжет түсірген екен – бұл сұрақтың қызықты әрі оңай емес екендігінің дәлелі.

Атақты білімпаздар Құралбекке сәттілік тіледі. Ал ол осымен тынып қалмай, «Не? Қайда? Қашан?» ойыны үшін қызықты сұрақтар ойластыруды жоспарлап отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

7 қазан 2015, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.