Атырау, 29 наурыз 16:11
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Астанада әйел адам биіктен құлап, көз жұмды

2 034 просмотра

Астанада әйел адам "Изумрудный квартал" бизнес орталығында биіктен құлап, көз жұмды.

АСТАНА, 7 қаз — Қазақстан жаңалықтары АА. Астанада әйел адам "Изумрудный квартал" бизнес орталығында биіктен құлап, көз жұмды деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға елордалық ІІД баспасөз қызметінен.

"Оқиға орнында, Астана қаласы "Изумрудный квартал" тұрғын үй кешенінде Астана қалалық ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Келеңсіз жағдайдың мән-жайы анықталуда",-деді агенттікке хабарлаушы телефон арқылы.

Баспасөз қызметінен әйел қарғып кеткенін немесе өзі құлап кеткенін айта алмады.

Дереккөз: newskaz.kz

7 қазан 2015, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.