Атырау, 28 наурыз 22:02
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 976 просмотра

28-30 қыркүйек аралығында «Заңсыз келуші-2015» іс-шарасы аясында 600-ге жуық шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында 14-і шетелдік сот ұйғарымымен елден тысқары шығарылды. Көші-қон полициясы басқармасы қызметкерлері Өзбекстан Республикасы құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген қылмысқа күдікті Өзбекстан елінің әйел азаматын анықтап, ұстады. Сондай-ақ, әкімшілік сот ұйғарымына сәйкес, республика көлемінен тысқары шығару туралы шешімдерді орындамай, осында қалып, тұрып-жатқан Өзбекстан елінің 6 азаматы ұсталды.

***

Полиция 29 қыркүйекте қалалық Құспан молда мешітінде ұрлық жасады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады. Біріншіде ол мешітке келген жамағаттардың бірінің 27 мың теңгесі мен құжаттарын ұрласа, екіншіде бос сөмкені олжа қылған.

***

Исатай ауданындағы ауыл арасы жолдарында су полициясы 25 жастағы Исатай ауданының Жанбай ауылы тұрғыны жүргізген «Лада» автокөлігін ұстады. Көліктің жүксалғышынан 140 келі жаңа ауланған бекіре тұқымдас балық табылды. Тергеу жүріп жатыр.

***

1 қазан күні таңда полиция Дамбы-Атырау трассасы бойымен қалаға қарай жаяу келе жатқан 46 жастағы әйелді тоқтатады. Оның сөмкесінен 10 келі жаңа ауланған бекіре табылды. Тергеу жүріп жатыр.

***

4-ықшамауданның 25 жастағы тұрғын әйелінің арызымен полиция көршісін ұстады. Ол әйелге тиесілі құрылыс құмын ұрлады деп күдіктелуде. Тергеу жүріп жатыр.

***

Үстіміздегі жылдың шілде айында жалдамалы үйде 36 жастағы ер адамның шалбары қалтасынан 42 мың теңге ұрлаған 39 жастағы әйел ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

***

Полиция пәтер тонайтын ұрыны ұстады. Ол 22 жастағы Атырау қаласының тұрғыны екен. Ол Жұмыскер және Өркен ықшамаудандарында үй тонауға әрекет етті және Томарлы ауылында үй тонады деп күдіктелуде. Соңғы жағдайда 55 жастағы әйелдің коттеджінен зергерлік бұйымдар мен ақша ұрланған.

***

Полицияға Құрманғазы ауданында тұратын 26 жастағы жеке кәсіпкер хабарласты. Оның айтуынша, 24 жастағы туған інісі сандықтан 700 мың теңге ұрлап кеткен. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

29 қыркүйекте кешке белгісіз біреу Атырау қаласында тұратын 47 жастағы әйелге телефон соғып, ұлының танысын ұрғандығы жөнінде хабарлап, «істі реттеу үшін» ақша талап еткен. Әйел сол бойда полицияға хабарласты. Қоңырау шалған 35 жастағы Атырау қаласының тұрғыны ұсталып, кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Атырау қаласында тұратын әйел 2013 жылдың сәуір айында Нұрсая ықшамауданында тұратын 55 жастағы әйелге Нұрсая ықшамауданынан мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп жарты миллион ақшасын алып, хабарласпай кеткен. Алаяқтықпен күдіктелген әйел ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

***

5 қазанда түн ортасында 27 жастағы Батыс Қазақстан облысында тұратын әйел бір сағат бұрын жалдамалы пәтерде бірнеше сағат бұрын телефон арқылы танысқан ер адам зорлап кеткені туралы шағымданды. Көп ұзамай 23 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

***

5 қазанға қараған түнде белгісіз біреулер Алмалы ауылындағы азық-түлік дүкенінің терезесінен түсіп, 80 мың теңгенің азық-түлігін ұрлаған. Полиция 16 және 17 жастағы екі күдіктіні ізін суытпай ұстады. Тергеу жүріп жатыр.

***

Әуезов көшесінде белгісіз біреу скутермен жүрген 16 жастағы жасөспірімді ұрып, көлігі мен «Самсунг» ұялы телефонын тартып алған. Екі күн өткеннен кейін 17 жастағы күдікті ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы жіберілді. Айғақ заттар – скутер мен телефон – алынды.

***

Облыста «Контрафакт» шұғыл-алдын алу іс-шарасы өтті. «Көктем» базарында 6 қыркүйекте штаттық киім киген жедел уәкілге сатуға тыйым салынған қол сағаты түріндегі аудио-бейне жазба аппаратын сатқысы келген адам ұсталды. Шпиондық техника тәркіленді. 30 жастағы сатушыға қатысты ҚР ҚК-нің 399-бабы (ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану) бойынша қылмыстық іс ашылды.

***

Сол күні «Мұрагер» базарында порнографиялық фильмдер жазылған DVD-дискілерін сатып тұрған 25 жастағы ер адам ұсталды. ҚР ҚК-нің 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

6 қазанда Канцев көшесінің бойында су полициясы 15 тонна сыла тиелген КамАЗ жүк көлігін ұстады. Жүргізушінің, 55 жастағы Әзірбайжан азаматының, рұқсат қағаздары толық болмай шықты

***

Сотта отбасылық жанжал медиатордың көмегімен шешілді. Біраз уақыт бұрын Атырау қаласында тұратын әйел Ж. қайын енесінің үйінде қайын інісінің әйелінің басынан соғып, жеңіл дене жарақатын салады. Медиатор тараптарды бітімге келтірді, сондықтан да сот іс өндірісін тоқтатуға шешім шығарды.

7 қазан 2015, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.