Атырау, 25 сәуір 18:02
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Мерейлі мерекеде қала басшыларын қалай ұмытамыз

2 992 просмотра

3 қазанда Атырау Қала күнін тойлады. Биылғы жылы атаулы дата қаланың іргетасы қаланғанына 375 жыл толуымен ерекшеленді.

Мерекелеу сенбі күні таңертең облыстық әкімдік алдындағы Бейбарыс алаңында басталды. Бұл жерде этномәдени бірлестіктердің өкілдері қонақтарды түрлі халықтың әндерімен, билерімен және ұлттық тағамдарымен қарсы алды. Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ қаланы әр жылдары басқарған Есен ТАСҚЫНБАЕВҚА, Равиль ШЫРДАБАЕВҚА, Нұрпейіс МАҚАШЕВҚА, Жалғас ТІКЕНБАЕВҚА, Сәлімжан НАҚПАЕВҚА құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Қалалықтарды Орал қаласының әкімі Марс САТЫБАЛДИЕВ бастап келген келген делегация құттықтады. Сонымен қатар, құттықтауларын Атыраудың бұрынғы әкімі Манас ТАСЫБАЕВ пен әзірбайжандық Ширвана (Атыраудың бауырлас қаласы) қаласының атқарушы билігінің өкілі Мардан ДЖАМАЛОВ жолдады.

Бейбарыс алаңында асфальтта сурет салу бойынша балалар конкурсы өтті. Облыстық әкімдік жанынан 10 шақырымға созылған веложорық бастау алып, әуежай тас жолының жанынан салынған жаңа велосипед жолында аяқталды.

Сол күні кешке қала тұрғындары мен қонақтары дәстүрлі кемелер шеруін тамашалады. Мереке отшашумен аяқталды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

АЖ анықтамасы: Тасқынбаев 1965 жылы қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, ал 1977 жылы облыстық атқару комитеттің төрағасы болды. Шырдабаев - 1977-87 жылдардағы қалалық партия комитетінің 1-хатшысы. Мақашев - 1990-92 жылдардағы қалалық партия комитетінің 1-хатшысы, 1992-93 жылдардағы қала әкімі. Тікенбаев - 1995-1998 жылдардағы қала әкімі. Нақпаев - 2006-2009 жылдардағы қала әкімі. Тасыбаев - 2002-2006 жылдардағы қала әкімі. Ал соңғы жылдары қала әкімдігіндегі басты таққа Бекболат НАРЕГЕЕВ, Арыстанғали ӘШЕМҒАЛИЕВ, Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ, Бергей РЫСҚАЛИЕВ, Мереке ИСМҰРАТОВ, Асқар КЕРІМОВ және Серік АЙДАРБЕКОВ отырды.

7 қазан 2015, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.