Атырау, 29 наурыз 12:33
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Өртті қала тұрғындары байқаған

1 560 просмотра

Өткен мереке күндері құзырлы органдардың бірде-біреуі Атырауды тұншықтырған түтін мен теңіз жағалауындағы қамыстың өртенгенін тіркемеген.

Ал, қою түтін қаланы 5 қазан күні де басып тұрды. Адамдар демалудың қиындағанына шағымданды. Алайда бұл жағдай туралы мемлекеттік органдардан еш нәрсе біле алмадық.

Облыстық өртке қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазан айы басталғалы олар тек 1 қазан күні Құрманғазы ауданындағы бірнеше гектарда орын алған дала өртін тіркеген.

Аумағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватымен шектесетін Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің әкімдігінде қамыстың өртенгенін растады, алайда өрт Махамбет ауданының аумағында орын алғанын ескертті. Ал Махамбет ауданының ТЖ бөлімінде аудан көлемінде қамыстың жоқ екенін мәлімдеді. Экология департаментінің сараптамалық лабораториясы ауаның ластанғаны туралы мәліметтерді ұсына алмады – себебі, бұл күндері мониторинг станциялары жұмыс істемеген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қазан 2015, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.