Атырау, 17 сәуір 00:44
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

​Чемпиондар лигасынан сәлем!

1 846 просмотра

4 қазанда «Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 28-туры аясында «Атырау» және «Астана» командалары арасында матч өтті.

Астаналық клуб бізге үлкен турнирдегі матчынан кейін бізге келді. Астаналықтар 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Түркияның «Галатасарайын» өз алаңында қабылдап, 2:2 есебімен тарихи тең есеп белгіледі, ал 21 қазанда мадридтік «Атлетикоға» қонаққа барады. Жақсы жаңалық емес пе? Стадионда балалар «Астана» ойыншыларын ойыннан кейін жейделеріңді лақтырыңдар деп айқайлады.

Матч өте қызықты, алма-кезек шабуылдармен өтті. Қонақтар ойын аяқталуға он минут қалғанда гол соқты – Танат ӨСЕРБАЕВ көзге түсті. Осы астаналықтардың пайдасына 1:0 есебімен ойын да аяқталды. Жейделер жөнінде: балалардың «дауысын» астаналықтар естімеді, мүмкін ауыр матчтан соң шаршаған шығар. Есесіне балаларға «Атырау» ойыншыларының бірі өз жейдесін лақтырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


5 қазан 2015, 12:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.