Атырау, 25 сәуір 09:09
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тестілеу бірінші сыныпқа жетті

4 974 просмотра

Image 0Көрнекі сурет. Оқу жылының бір айы өткен соң еліміздің 15 мектебінің, оның ішінде Атырау облысының 3 мектебі де бар, бірінші сынып оқушыларын білім беру бағдарламасы бойынша күтілген нәтижелерге сәйкестігін анықтау үшін тестілеуден өткізді.

Қалалық білім бөлімі басшысының м.а. А.АБДОЛОВТЫҢ айтуынша, 2015-2016 оқу жылынан бастап еліміздің кей мектептерінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сынақ түрінде оқыту басталды, ал келесі оқу жылында бұл бағдарлама барлық мектептерде енгізіледі. Біздің өңірімізде эксперимент ретінде үш мектеп таңдалып алынды - №17 және №20 мектеп-лицейлер, сонымен қатар Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы Мырзағалиев атындағы орта мектеп.

Үш күн бойы бірінші сынып оқушылары диагностикалық тестілеуден өтті, оны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлесе құрастырған. Тестілеу бірінші сыныптықтардың мектепте оқуға дайындық деңгейін және жаңарған бағдарлама жағдайында олардың оқу үлгерімдерін анықтау үшін жүргізілді.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ?

«Бірінші сынып оқушыларының когнитивті даму деңгейін диагностикалау» деп аталатын бұл тестілерді әр оқушы жеке өзі бөлек бөлмеде отырып тапсырды. Әр оқушыға 30 минут уақыт берілді. Тестіде 20 сұрақ бар: 10 сұрақ математика, 5 сұрақ дүниетану, 5 сұрақ тіл дамыту бойынша.

Айта кету керек, тестілеу өткізетін кезде бірінші сынып оқушылары 1 және 2 сандары мен кейбір геометриялық пішіндерді ғана өтіп үлгерген. Дүниетану бойынша олар жанды және жансыз табиғат туралы ұғымдармен танысқан. Тіл дамытуға келер болсақ, бұл жерде барлығы баланың жеке қабілеті мен бір ай ішінде сабақта нені үйренгеніне байланысты болды: сабақ барысында оларға мазмұндау, сурет бойынша әңгіме құрастыру сияқты тапсырмалар берілген.

Қалалық білім бөліміндегілердің айтуынша, тестілеуді мұғалімдердің өзі өткізген, оқу процесіне еш кедергі келтірілмеген. Сұрақтар қызықты және соншалықты қиын емес, балаларға арналған әртүрлі суреттер де берілген. Тәжірибе көрсеткендей, оқушылар тестілеу өткенін байқамай да қалған. Ал олардың ата-аналарын тестілеу нәтижелерінің баланың оқуы мен үлгеріміне қаншалықты әсер ететіні қызықтырды. «АЖ» сұранысына берген жауабында А.Абдолов ешқандай әсері болмайтынын, соның ішінде мектеп рейтингіне де әсер етпейтінін айтып өтті.

Нәтижелерге келсек, олар жарияланбайды, себебі, мониторингтің мақсаты – жаңа оқу бағдарламасының тиімділігін бағалау. Яғни, бұл тек бірінші сынып оқушыларының білімдерін тексеру емес, сонымен қатар мұғалімнің оқушыға осы білімді жеткізу қабілеттерін тексеру.

Анастасия ПАСТУХОВА

2 қазан 2015, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.