Атырау, 19 сәуір 05:20
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мерзім 1 желтоқсанға дейін ұзартылды

4 229 просмотра

Банктердің теңгемен депозит салған салымшылардың бағамдық айырмашылықты алуға өтініштерін қабылдау мерзімі 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Басында өтініштерді қабылдау мерзімі 1 қазанға дейін белгіленген еді, алайда, 30 қыркүйекте ҚР Ұлттық Банкі еркін айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке тұлғалардың депозиттер бойынша өтемақы төлеуге өтініштері тағы 2 ай бойына қабылданатынын хабарлады.

- Бұл шешім теңге депозиті үшін өтемақы алу құқығына ие салымшыларды мейлінше түгел қамту мақсатымен және банктердің өтініштері бойынша қабылданды, - делінген Ұлттық Банктің баспасөз хабарламасында.

Еске салайын, өтемақы салымшыға 2015 жылдың 18 тамызындағы операциялық күн соңындағы екінші деңгейлі банктерде және «Қазпошта» АҚ теңгемен ашылған депозиті болған жағдайда төленеді. Сонымен қатар 2015 жылдың 18 тамызында банк есепшотындағы салым бойынша қалдық 1 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Өтемақыларды төлеу жеке тұлғалардың мерзімдік депозиттері бойынша жүзеге асырылады.

Өтемақы алу үшін салымшы депозитті қайта ресімдеуден соң арнайы есепшотта 1 жылдан кем емес уақыт ішінде сақтауды өз міндетіне алады.

Салымшылар 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін депозиттерді қайта ресімдеу үшін банктерге хабарласулары тиіс.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

30 қыркүйек 2015, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.