Атырау, 19 сәуір 10:00
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Енді мұғалімдерді де сынақтан өткізеді

3 584 просмотра

Image 0Көрнекі сурет.ҰБТ-ға дайындық кезінде мұғалімдер де оқушылармен бірге сынақтық тестілеуден өтеді. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Зылиха ДҮЙСЕКЕНОВА Орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті бөлімшесінде болған баспасөз конференциясында айтты.

МЕКТЕПТЕГІ ТАҢҒЫ АС АРЗАН ЕМЕС

Кәсіби мерекелері қарсаңында Зылиха Дүйсекенова білім саласындағы бүгінгі ахуал туралы әңгімеледі. Облыстың түрлі оқу орындарында 157 мыңнан астам адам оқиды. 31 014 бала мектепке дейінгі мекемелерге барады, 105 073-і мектептерде білім алса, 21 103 – колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері. Үстіміздегі оқу жылында облысқа 269 маман қажет болды: қазақ мектептерінде орыс тілінен сабақ беретін және математика, физика, химия, биология, тарих, география сияқты негізгі пәндер мұғалімдері жетіспеді. Осы бос орындарға 236 жас педагог алынды.

2015 жылы білім саласына 37,5 млрд теңге қаржы бөлінді. Атап айтсақ, оқулықтар және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге 629,9 млн, білім беру нысандарына ағымдағы жөндеу жүргізуге 103 млн теңге, 28 нысанға күрделі жөндеу жасауға 1 млрд 384 млн теңге салынды.

Биылғы оқу жылында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету шығындары қысқартылғаны белгілі. Егер бұрын мектеп асханасында 1-4 сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанатын болса, қазір тек аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылар балалары ғана қамтамасыз етіледі. Қалғандары өз ақшаларына сатып алып ішеді және тамақ арзан болады деп мәлімделген еді. Алайда асханаларды жалға алушылар өз уәделерін орындаған жоқ және облыстық білім беру басқармасына мектеп асханалары тамақтарының қымбат екендігі жөнінде шағым түсіп жатыр. Қазір мектептер бойынша бағаларға мониторинг жасалуда.

КЕРІ БЕСІНШІ СЫНЫПҚА...

Бірнеше жылдан бері өзекті болып тұрған мәселелердің бірі – атыраулық түлектердің ҰБТ-дан орташа төмен балл жинауы. Қалыптасқан тәжірибе бойынша 11-сынып оқушылары әр ай сайын сынақтық тестілеуден өтеді. Мектеп көрсеткіштерін бүлдірмес үшін мұғалімдер оқушылардың шпаргалка, телефон, калькуляторларды пайдаланып отырғанын көрмеген сыңай танытады. Нәтижесінде сынақтық тестілеуден 100 және одан көп ұпай жинаған түлектер шынайы ҰБТ-дан өте алмайды.

Білім сапасын көтеруге бағытталған іс-шаралар туралы сұраққа жауап берген З. Дүйсекенова енді мектептерде өтетін сынақтық тестілеулерді бұрынғыдай мұғалімдер емес, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері өткізеді. Сонымен қатар, оқытушылар өздері сабақ беретін пәннен тест тапсырады. Әрине, егер мұғалім тестілеуден өте алмаса не болады деген сұрақ туындады.

- Мұндай болуы мүмкін емес, оқытушылар өз пәндерін жақсы біледі. Қалай болғанда да, бұл кейіннен нәтижелерді жариялау үшін жасалады, - деп атап өтті З. Дүйсекенова.

Қыркүйек айында өткен алғашқы сынақтық тест оқушылардың ең алдымен математикадан қиналатынын көрсетті. 5-6 сынып есептеріне де түсінбей жатады. Енді түлектерге өткен материалдарын қайталауға тура келеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 қыркүйек 2015, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.