Атырау, 24 сәуір 03:32
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті

2 779 просмотра

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция және отын-энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ көшбасшылары күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама Қазақстан мен Американың серіктестігі өңірдің дамуын, тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды екенін атап өтті. Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НазарбаевБҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен АҚШ-қа 26 қыркүйекте барған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 қыркүйек 2015, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.