Атырау, 25 сәуір 10:36
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Ауыр жағдай

2 170 просмотра

– Жұбайым - Махмұд Боранбайұлы Жақаев «ОблТрансГаз» КМК-де жұмыс жасап жүргенде 2007 жылдың 20 наурызында өзінің еңбек міндеттемесін орындау барысында зақым алған еді. «ОблТрансГаз» КМК әкімшілік ғимаратын күзететін кезекшілігін атқару кезінде ол жабық ауыр бас-ми жарақатын алған, оң жақ самай бөлігі жаншылып, өткір субдуралдық қанды ісік жарақаты бар ауыр дәрежеде бас миы зақымдалған. «ОблТрансГаз» КМК кеңсесіне белгісіз тұлғалар кеңсе бухгалтериясынан сейф ұрлау мақсатында шабуыл жасаған. Атырау облыстық бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің еңбек жөніндегі инспекторлары ҚР еңбек заңнамасына сәйкес қайғылы оқиғаға арнайы тергеу жүргізді. Осының нәтижесінде жұмыс беруші қайғылы оқиға туралы №1 актіні жасақтады. Мүгедектік алғанға дейін «ОблТрансГаз» КМК тұлғасы ретінде жұмыс беруші оның еңбек жарақатына байланысты еңбекке жарамсыз болған күннен бастап мүгедектік белгіленгенге дейін орташа еңбекақының 100 пайызы мөлшерінде жәрдемақы төлеп отырды.

2007 жылдың мамырында күйеуіме ІІ топ мүгедектігі мен кәсіби еңбекке жарамдылығы 70 пайызға жойылған деген дәреже белгіледі. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» ҚР заңына сәйкес, оған аннуитеттік төлемдер түрінде табысын жоғалтуына байланысты зиян өтемақысы ретінде сақтандыру төлемін белгіледі.

«ОблТрансГаз» КМК тарапынан 2012 жылдың желтоқсанына дейін төлемдер жүргізілді. 2013 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс беруші аннуитеттік төлемдерді тоқтатқан. Содан бері қарай біз төлемдерді жалғастыруға қол жеткізе алмай жүрміз. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на хабарласқанымызда, олар өздерінде бұрын төлемдер жүргізілді ме, жоқ па, оған қатысты ешқандай мәліметтер жоқ екенін растап отыр. «ҚазТрансГаз Аймақ» жәрдемақы төлеу бойынша өзіне міндеттеме алғысы келмейді. Енді не істеу керек?

М. Жақаевтың зайыбы

Сұраққа Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат ИШАЙ комментарий берді:

- «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы директорының міндетін атқарушы А. Әмірхановтың түсіндірмесінде жазылғандай, Атырау облысы әкімдігімен жасалған меморандум шеңберінде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және «Аймақ» АҚ АФ Атырау облысын газбен қамту жөніндегі өз қызметтерін 2012 жылдың 1 қарашасынан бастап жүзеге асырып келеді. «ОблТрансГаз» КМК және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасында 03.11.2014 жылы жасалған талап құқығынан қайту келісімшарты бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ «ОблТрансГаз» КМК-нің Махмұд Жақаевтың сақтандыру жағдайына қатысты төлемдер төлеу бойынша құқық мирасқоры болып табылмайды.

ҚР Еңбек кодексінің 161-бабының 2-тармағының 3-тармақшасына және 164-баптың 1-тармағына сәйкес, жұмыс беруші қызметкердің алдында материалдық жауапкершілікте болады, сонымен қатар, қызметкер еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды ҚР азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге міндетті.

Осыған байланысты Махмұд Жақаев «ОблТрансГаз» КМК-ден сот тәртібімен сақтандыру төлемдерін алуға құқылы.

24 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.