Атырау, 18 сәуір 18:53
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Президент Атырауда: «Беталды айыптаушыларды қатаң жазалайтын боламыз»

3 523 просмотра

Image 0Қазақстан президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Атырауға жасаған жұмыс сапары аяқталды.

Н. Назарбаев Атырауға 16 қыркүйек күні кешке ұшып келді. 17 қыркүйекте таңертеңнен бастан ол облысымыздағы бір қатар нысандарды аралады. Алдымен делегация талшықты-оптикалық кабель шығаратын «ПКФ Континент Ко ЛТД» ЖШС-ке (бас директоры Семен ХВАН) барды. Кәсіпорын Индустрияландыру картасына қосылып, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен жұмыс жасайды. Содан кейін президент «АтырауМұнайМаш» ірі көлемді және аса ауыр жабдықтар зауытын (Сағат ТҮГЕЛБАЕВ) қарады, сол жерден Салтанат Сарайына барып, кеңейтілген жиналыс өткізді. Әлеуметтік-экономикалық ахуал және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы ҚР инвестиция және даму министрі Әсет ИСЕКЕШЕВ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат МЫҢБАЕВ, Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, Маңғыстау облысының әкімі Алик АЙДАРБАЕВ, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ және т.б. баяндама оқыды.

Жиналысты қорытындылай келе, президент қазіргі экономикадағы құлдырауды «табиғи процесс» деп атады. Мұның артынан өркендеу міндетті түрде болады, алайда 2008-2009 жылдардағы дағдарыстардай жылдам болмайды деп ескертті. Нарыққа Иран мен Ирак оралғаннан кейін қалыптасқан мұнай құнының төмендеуі жылдарға созылады («50-60 доллардың айналасында болса жақсы»), сондықтан да ол қарамағындағыларды «мұнайға қарамай», оның бағасы 40-50 доллар болады деген жағдайда өмір сүруге үйренуге шақырды.

- Бүкіл әлемдегі тұрақтылық – бұл халыққа жұмыс тауып беру, бұл дүние жүзіндегі басты мәселе,- деді Н. Назарбаев. Кенет ол наразыларға ескерту жасады:

- Арандатушыларға ешқандай кешірім болмайды, біреуді беталды айыптап, ғайбаттаған адамды заңға сәйкес қатаң жазалаймыз. Өйткені қазіргі қиын кезеңнен біз тыныштықта, бейбіт, бірлесе өтуіміз қажет. Еңсеріп, дамудың жаңа жолына түсуіміз қажет. Солай болады да.

Жиналыстан кейін президент облыс басшыларымен жеке кездесу өткізді.

Президентке бұл сапарында министр Исекешев пен «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевпен бірге энергетика министрі Владимир ШКОЛЬНИК, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВ және басқалар еріп келді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

18 қыркүйек 2015, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.