Атырау, 29 наурыз 04:38
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматыда турфирма клиенттерден алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша алған

1 615 просмотра

Image 0Алматыда турфирма клиенттерден алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша алған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Қаладағы турфирмалардың бірінің қызметкері Ғалия Шарапова азаматтардың ақшасын алып, оларға Түркияға демалуға жолдама әперуге уәде еткен. Дегенмен ол сөзінде тұрмады.

Әйел өзіне сенгендерді алдап, 200 мың долларды қалтасына басқан. Телеарнаның мәліметінше, алданғандар турфирма қызметркерін бір жылдан бері іздеп жүр. Алданған клиенттердің бірінің айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны таба алмаған. "Біз оны тауып, өзіміз әкелдік", - деді жәбірленушілердің бірі.

Алданған клиенттер полицияға арыз жазған. Алматы ІІД тергеу аяқталуға жақындағанын хабарлады.

"Осы дерек бойынша "Алаяқтық" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы айдың соңында іс материалдары сотқа жіберіледі. Полиция жұмыс істеп жатыр. Тиісті нормалар бойынша жұмыс атқарылды", - деді Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек. ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел осындай жолмен бірнеше жыл бойы алаяқтық жасап келген. Бұған дейін полицияға тағы 11 адамның арызданғаны белгілі болды. Ол кезде әйел сот залында босап шыққан. Егер бұл жолы оның кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: КТК

18 қыркүйек 2015, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.