Атырау, 25 сәуір 03:29
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Судан неге хлор иісі шығады?

3 117 просмотра

– Соңғы кездері қалалық суық сумен қамту жүйесіндегі судан хлордың иісі қатты шығады. Тағам әзірлеп, ауыз суға пайдалану үшін мұндай хлорланған су қаншалықты қауіпсіз?

Телефон арқылы

Сұраққа «Атырау Су Арнасы» КМК жауап берді:

– 8-22 тамыз аралығында қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының ұйғарымы бойынша суды тазалау тиімділігі мен эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су құбырының тазарту қондырғылары гиперхлорлау режиміне көшірілді. Қарапайым тілмен айтқанда, қалдық хлор көрсеткіші мөлшерінің көлемі 1,2 мг/л-ге дейін көбейтілді. Бұл ҚР Санитарлық ережелер мен нормаларға сай келеді. Мұнда қалдық хлор көрсеткішінің нормасы 0,8-1,24 мг/л құрайды.

Қазіргі уақытта ауыз су сапасының жақсаруына байланысты қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының тапсырмасымен «Атырау Су Арнасы» КМК гиперхлорлау режимін алып тастады.

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

17 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.