Атырау, 25 сәуір 08:39
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Шамиль әлем үздігі бола алады

2 834 просмотра

Image 0Ақтауда Aktau open fest 2015 халықаралық музыка және спорт фестивалі аяқталды. Атыраулық жігіт Шамиль АЛИШАЕВ брейк-данс билеудегі шеберлігі үшін бірінші орын алды.

Фестиваль үш күнге созылды. Осы уақытта Қазақстан мен Орталық Азиядан келген 250 спортшы өнер көрсетіп үлгерді. Командалық жарыстарда астаналық 23 style командасы жеңімпаз атанды. Жеке жарыста Атырау тұрғыны Шамиль Алишаев жеңіске жетіп, енді Оңтүстік Кореяда, Сеулде өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайды.

Bboy Shoma сахналық лақап атпен өнер көрсететін Шамиль брейк-данспен 10 жасынан бері шұғылданады және қалалықтарға Super Sonic crew деген атпен танымал топ құрамына кіреді. Енді брейк-дансер командалық жарыстарға, сондай-ақ Best b-boy on the World атағы үшін «бірге бір» қағидаты бойынша баттлға қатысады.

Анастасия ПАСТУХОВА

15 қыркүйек 2015, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.