Атырау, 17 сәуір 00:51
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

​Қылмыстар хроникасы

2 888 просмотра

Image 0

4 қыркүйек күні түстен кейін Балықшыдағы азық-түлік дүкендерінің бірінде белгісіз біреу 47 жастағы әйелдің қолынан 25 мың теңгені жұлып алып, қашып кетті. 24 жастағы Балықшы тұрғыны ұсталды. Тергелуде.

***

Полицияға Дамбы ауылында тұратын 19 жастағы қыз хабарласты: 4 қыркүйек күні күндіз №2 мартшрутта сөмкесінен ішінен 95 мың теңгесі бар әмиянын суырып кеткен. Күдікті Авангардтың 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Тергелуде.

***

5 қыркүйекте түсқайта ҚІІБ қызметкерлері Томарлы ауылы маңындағы саяжайлардың бірінен қарасора егілген учаскені тапты. Полиция 35 түп тыйым салынған өсімдікті санап шықты. Сараптама тағайындалды.

***

5 қыркүйекте түн ортасында Авангардта 40 жастағы әйел адамды сыра бөтелкесімен соғып, жарақаттады. Басбұзарлық жасады деген күдікпен 19 жасатағы жігіт ұсталды және ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Полиция 21 маусымда жағалауда алдап-арбап 65 жастағы зейнеткердің велосипедін айдап кеткен 29 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу жүріп жатыр.

***

Полицияға Тасқала ауылының 48 жастағы тұрғыны хабарласты. Оның айтуынша, 5 қыркүйекте кешке ұлының танысы үйінен алтын сақтна мен баласының киімін ұрлап кеткен. Шығын 135 мың теңгеге бағаланды. Тергелуде.

***

Полицияға Плмагүл ықшамауданындағы кафенің иесі хабарласты: 5 қыркүйекте кафеде үш жігіт төбелесіп, орынжайға ірі шығын келтірген. Басбұзарлар ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Полицияға Махамбет көшесі бойындағы дүкеннің иесі хабарласты: 5 қыркүйекте кешке жақын жерде орналасқан үйлердің бірінің тұрғыны ақшаны қазір үйден әкеліп беремін деп бірнеше шөлмек арақ, темекі және бес «Activ» карточкасын алып, зым-зия жоғалып кеткен. Іздеу жарияланды.

***

6 қыркүйекте сағат 14 шамасында Томарлы ауылындағы аулалардың бірінен белгісіз біреу «Стелс» велосипедін ұрлап кеткен. Күдікті Құлсары қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Материалдар жеңілдетілген тәртіпте сотқа жолданды.

***

30 жастағы қала тұрғынына алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу жарияланды. Ол өткен жылы Водников ауылына газдандыру жүргіземін деп тұрғындардан ақша жинап, жоғалып кеткен. Полицияға екі көршісі шағымданды. Күдікті екеуінен 150 мың теңге жинап алған екен.

***

Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында 26 жастағы жергілікті тұрғын азық-түлік дүкеніне кіріп, сатушының қолынан бір шөлмек «Кружка свежего» сырасын жұлып алып, қашып кеткен. Полиция алқашты іздестіруде.

***

Үйге бұзып кіріп, ұрлық жасады деген күдікпен Привокзальный ықшамауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұры 10 тамызда Жұлдыз ықшамауданындағы коттедждің терезесін бұзып кіріп, «Since» және «Racinc De 2300» маркалы екі велосипедті ұрлаған. Тергеу жүріп жатыр.

***

Нұрсая ықшамауданындағы супермаркеттердің бірінің күзетшісі 7 қыркүйек күні сағат 21.00 шамасында бір қорап «Орбит» сағызын ұрлап кеткісі келген 9 жасар баланы ұстады. Дүкенге сотқардың ата-анасы шақырылды. Тараптар оқиғаны полицияға тіркемейміз деген келісімге келді.

***

Полиция үй тонаушы ұрылар тобын ұстады. 23-28 жас аралығындағы Атырау қаласының тұрғындары 5 қыркүйекке қараған түні Самал ықшамауданында кемінде екі коттеджді тонаған. Қылмыскерлер бір үйден екі күзен тон мен теледидар алса, екінші үйден бір теледидар «олжалаған» екен. Күдіктілер уақытша оқшаулау орнына тоғытылды.

10 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.