Атырау, 24 сәуір 20:52
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Далалықтағы қару-жарақ

3 100 просмотра

Image 0Құлсарыда жастар арасында жанжал туындап, топтасып төбелесу нәтижесінде екі адам зардап шекті. Екеуі де аурухананың жансақтау бөліміне оқ тию жарақатымен түскен. Олардың бірі жарақаттан көз жұмды.

Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ мәліметі бойынша, ауруханаға оқ тиген жарақатпен екі адам түскен – екеуі де 1994 жылы туылған Құлсары тұрғындары.

Сол бойда құрамына облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасы мен Жылыой АІІБ қызметкерлері кірген тергеу-жедел тобы құрылды. ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» деп аталатын 99-бабы (2-тармағы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Төбелес орын алғаннан кейінгі үш тәулік ішінде полицейлер күдіктілерді – төбелеске қатысушыларды анықтады. Барлығы алты адам ұсталды, олардың барлығы Жылыой ауданының тұрғындары. Олардың бірі, 23 жастағы ер адам қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдікті тұлғалар басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылған және оларға қатысты қамауға алу туралы мәселе шешілуде.

Бұдан басқа, күдіктілердің бірі берген жауаптар бойынша полицейлер далалықта жерге көмілген бес атыс қаруы (барлығы аңшы қаруы, соның ішінде екі шолақ мылтық бар) мен олардың оқ-дәрілерін тапқан. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тәркіленген қарулар бойынша тексеру жүргізілуде.

Анастасия ПАСТУХОВА

4 қыркүйек 2015, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.