Атырау, 25 сәуір 14:51
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Сырғасын жұлып алды

1 950 просмотра

Image 0№2 сотта өзгеше іс қаралды, деп хабарланады Атырау облыстық сотының сайтында. Өзбек келін қарызын қайтаруға кепілдік ретінде күйеуінің әпкесінің құлағынан алтын сырғасын жұлып алған.

Әлгі әйел одан сәуірде 20 мың теңгені қарызға алған, ал келісілген мерзімде тек үш мыңын ғана қайтарған. Туысы еті тірі әйел екен – күйеуімен мәселені шешуге барып, «Сауда орталығындағы» асханалардың біріндегі қайынапасының жұмыс орнына барып, адымен оны соққыға жығып, құлатып, жерге сүйрелепп, құлағынан сырғасын (оның парының бағасы қайтарылмаған нақты қарыз сомасын – 17 мың теңгені құраған) жұлып алған. Оны тек қарызын өтегеннен кейін ғана қайтаруға уәде етеді.

Зардап шегуші, ол да Өзбекстан азаматшасы, полицияға шағымданды. Сот өтті. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, зиянның өтелгенін, өзіне борышкер әйелмен татуласқанын хабарлап, соттан қылмыстық істі тоқтатып, қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтінді. Зардап шегуші де соны өтінді. Атырау қалалық №2 сотының 2015 жылғы 2 қыркүйектегі қаулысымен ҚР ҚК-нің 389-бабы («Өзінше билік ету») бойынша сотқа берілген қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 қыркүйек 2015, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.