Атырау, 20 сәуір 18:39
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Ішімдік түбіне жетті

1 660 просмотра

Image 0Отты су екі туыстың ұрыс-керісі барысында ауыр қателікке ұрындырды.

Аққыстау поселкесінің тұрғыны үйіне келген кезде, туған бауырының қатты мас күйде ауласында жүргенін көреді. Араларында ұрыс-керіс орын алып, үй қожайыны бауырының басынан пластмасса шелекпен ұрып жіберіп, содан соң кірпішпен басынан соққан. Алынған зақым салдарынан зардап шегуші N. көз жұмды.

Исатай ауданының прокуроры мен күдікті N. арасында кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімі жасалды. Исатай аудандық сотының үкімімен N. ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағында («Кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») қарастырылған қылмыстық жасауда кінәлі деп танылды. ҚК-тің 55-бабы («Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындау») қолданылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. ҚК-тің 63-бабы («Шартты түрде соттау») қолданылып, сот тағайындалған жазаны шартты деп есептеуге қаулы шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қыркүйек 2015, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.